Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 65. С ы н е с і м н і ң ш ы р а й л а р ы



Pdf көрінісі
бет167/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

§ 65. С ы н е с і м н і ң ш ы р а й л а р ы. 
Белгілі нәрселерде болатын түр, түс, сындық сапалар барлық нәрседе 
бірқалыпты болмай, әр нәрседе әр түрлі дәрежеде болады. Мысалы: Ана 
қызыл
алманы қара. Мына алма одан да гөрі
 қызылырақ
. Бұл 
қызғылт
алма 
өте жұмсақ екен. Дүкенде 
қып-қызыл
алма сатып жатыр. Бұл сөйлем-дерде 


163 
алмадағы қызыл түстің өзі әр түрлі дәрежеде болатындығы айтылады. 
 Қызыл
алма дегенде қызыл түстің қалыпты сапасы айтылса, 
қызылырақ
дегенде, ол 
сапаның біріншімен салыстырғанда, екіншіден артық екендігі көрсетіледі де,
 
қызғылт
алма дегенде, алманың түсі толық қызыл емес, соған жақын деген 
ұғымды білдіреді. Ал 
қып-қызыл
алма дегенде, түстік сапаның барып тұрған 
шегі, бұдан артық қызыл түс болмайды дегенді білдіреді. 
Сөйтіп белгілі нәрседегі сындық сапаның әр түрлі дәрежелік бел-
гілерін с ы н е с і м н і ң ш ы р а й л а р ы деп атайды. 
 
Қазақ тілінде сын есімнің төрт түрлі шырайлық белгісі бар:
1) Жай шырай 2) салыстырмалы шырай 3) күшейтпелі шырай 4) асыр-
малы шырай. 
1) 
Жай шырай. Заттың жай қалыпты түр, түс, сапалық белгілерін 
білдіріп тұратын сын есім сөзінің негізгі түрін ж а й ш ы р а й дейді. 
Жай шырай өзге шырайлық тұлғалардың жасалуына негіз болады. Мысалы: 
көк , қоңыр, аласа, ауыр, қатты, арзан, жылы, кең, ұзын. 
2) 
Салыстырмалы шырай. Бір нәрседегі сындық белгінің екінші 
нәрсемен салыстырғанда артық не кемдігін білдіретін сын есімнің түрін
с а л ы с т ы р м а л ы ш ы р а й дейді. 
 
Салыстырмалы шырай жай шырай тұлғасының үстіне мына жұрнақ-
тардың бірі жалғану арқылы жасалады: 
а) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет