Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


ішті  — ішу қимылы өткен шақта  істелді, бірақ қай шамада орындалғаны айтылмай тұр



Pdf көрінісі
бет200/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

ішті 
— ішу қимылы өткен шақта 
істелді, бірақ қай шамада орындалғаны айтылмай тұр.
 
Ішіп көрді
—ішу қимылы өткен шақта істелді, бірақ ішу процесі 
жүргізілген жоқ, тек байуау ғана жасалғаны көрсетіледі. 
Іше бастады
— мұңда да ішу қимылы өткен шақта істелді, бірақ сол ішу 
процесінің бастапқы кезеңі ғана көрсетіледі. 
Ішіп жатыр 
— ішу кимылы әңгіме болып тұрған кезде, яғни осы шақта 
болып жатыр. 
Ішіп болды
— ішу қимылын өткен шақта, үшінші жақтағы адам ғана 
аяқтады, бірақ процесс тоқталған жоқ. 
Ішіп қойды 
— ішу қимылы өткен шақта аяқталды және белгілі ыдыста 
одан әрі ішетін еш нәрсе қалған жоқ деген ұғымды білдіреді. 
Іше салды 
— мұнда ішу қимылының өткен шақта істелуімен қатар өте тез 
орындалғандығы көрсетіледі. 
Сөйтіп, күрделі етістіктің құрамындағы ауыспалы көмекші етістіктер 
өздерінің бастапқы мағыналарынан не жартылай, не бүтіндей айырылып 
барып негізгі етістікке жақтық, шақтық грамматикалық ұғым берумен қатар, 
негізгі етістіктерге, жоғарыдағы көрсетілгендер сияқты, қосымша мағыналық 
өң береді. 


110-жаттығу. 
Мына сөйлемдерді көшіріп, негізгі түбір, етістіктің астын бір, туынды 
етістіктің астын екі, күрделі етістіктің астын ирек сызықпен сызып жазыңдар.Күрделі 
етістіктің құрамындағы көмекші етістіктің түрін ажыратып айтыңдар. 
Қорадан үшеу ғана болып шыққан Бейсендер тобына жолдан адамдар 
қосыла берді. (С.Б.) 2. Дәл үстімізден танкінің ең үлкендері өтіп барады екен. 
(Ғ.Мүсір.) 3. Менің де ойым осы. Ауыл шаруашылық бөлімімен алдын ала 
келісіп, Баршагүлді шақыртқанмын. (Ғ.Сл.) 4. Ержан жүрелеп отырды.(Т.А.) 5. 
Баян бәйбіше бір жапырақ қағазды жүрегіне қысып келе жатыр.(Ә.Ә.) 6. Мен 
Михаил Ивановичтің осы бір сөзіне әбден сеніп алған едім, сондықтан да 
әкемнің амандығына да, өзіміздің апат құшағынан құтылатындығымызға да 
бұдан былай ешбір шек келтірмедім. (Ә.С.) 7. Әбдірахманның бұл сөзіне 
Дмитриев таңданғандай, жүзіне қадала қарады.(Х.Е.) 8. Мен генералға рақ-мет 
айтып, бұрынғы орныма отырдым.(Б.М-ұ.) 9. Шығанақ бәсеңдеп сала 
берді.(Ғ.М.) 10. – Дәрмен аға, атама сіздерді айтайыншы-деп, сылтауратып, 
үйге қарай жүгіре жөнелді.(М.Ә.) 11. Қырықтықшы жас бала бастыққа 
аңтарыла қарап қалды.(Б.К.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет