Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет219/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

120-жаттығу:
 
Мына сөйлемдерді көшіріп, 
-с, -ыс, -іс 
жұрнақтары жалғанған 
сөздердің астын сызып, қайсысы зат есім, қайсысы ортақ етіс екенін айтыңдар. 
1. Енді өзге жердегі жұмысшылар мен машина-саймандарды, мүліктерді 
жинауға кірістік. (С.М.) 2. Соғыс болса әлі бітер емес, соғыс бітпей Нұрлан-
дардың кім екенін білетін түріміз жоқ. (Ә.Ә) 3. Менің қысылысымды байқа-
маған болып, басқа жолдастармен әңгімелесіп кетеді. (Ғ. Мүсір.) 4. Ойында-
рын қоя салып, бәрі жапырлап Мұхитқа қарай жүгірісті. (Ғ.Сл.) 5. Тыңдау-
шым, сергек көңіл, құлағың сал, ал кане, біздің айтыс басталады. («А. Ү.») 6. 
Қолына мылтық алып соғысты. (Т. А.) 7.Жарқын ағай бұдан кейін де ұзақ 
әңгімелесті. (Ә. С.) 8. Оны столға қоя салып көптен көрмегендей құшақтасып, 
сүйісе амандасты. ( Ғ. М.) 
VІІІ м о д у л ь т е с т е р і А 
 
( Етістіктің лексика-семантикалық категориялары ) 
1) 
Етістік: 
а) қимылдық процессті в) қимылдың сапасын с) қимылдың мезгілін
d) қимылдың орнын білдіреді; 
2) 
Отыр, жатыр, тұр, жүр
етістіктерінің лексикалық мағынасы: 
а) қимылдың атауы в) қимылдың мезгілі с) қимылдың қалпы
d) қимылдың сипаты; 
3) Мына терминдердің қайсысы етістіктің грамматикалық категориясына
қатысты: 
а) рай в) шырай с) сапалық, қатыстық d) деректі е) шақ ; 
4) Есім негізді етістіктер жазылған қатарды көрсетіңіз: 
а) ойна, ұйқта в) киін, шешін с) жұлмала, сабала d) шайқа, сапыр; 
5) Көмекші етістіктер негізгі етістікке тіркесіп айтылып: 
а) негізгі етістіктің мағынасын дәлдеп, тиянақтап тұрады; 
в) негізгі етістікке жақтық, шақтық, сандық грамматикалық мағына
беріп, бастауышпен байланыстырады; 
с) айтылған ойға стильдік реңк беру үшін қызмет етеді; 
d) негізгі етістіктердің мағынасын күшейтеді. 
6) Арнаулы көмекші етістікті көрсетіңіз: 
а) айтты в) деді с) сөйледі d) хабарлады е) мәлімдеді; 
7) Болымсыз етістікті көрсетіңіз: 
а) бармақпын в) бармаспын с) барармын; d) барыппын 
е) барғанмын 
8) Көсемше: 
а) өз алдына тиянақты қимылдық процесті білдіреді; 
в) өз алдына тиянақты қимылдық процесті білдірмейді; 


9) Есімшенің ерекшелігі : 
а) қимылдың атауы ретінде ұғынылады; 
в) өзінен кейін айтылған есім сөзінің қимылдық сапасы, белгісі, қасиеті
түрінде ұғынылады;
в) өзінен кейін айтылған есім сөзінің сындық белгісі түрінде
ұғынылады; 
10)Есімшелерде шақтық ұғым: 
а) болады в) болмайды; 
11) Есімше сөйлемде: 
а) зат есім сөзімен тіркесе айтылып, тек анықтауыш қызметінде
жұмсалады; 
в) етістік сөзімен тіркесіп, тек пысықтауыш қызметінде жұмсалады 
с) заттанып келіп тек бастауыш қызметінде жұмсалады 
d) сөйлемдегі орнына қарай сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін
атқарады; 
12) Етістік сөзі семантикалық жағынан қимылдың әрекетіне ұшырайтын
заттың болу, болмауын қоса көрсететін болса, ондай етістік: 
а) сабақты, салт етістік в) болымды, болымсыз етістік
с) есімше, көсемше d) қимыл атауы
е) қалау рай деп аталады; 
13) Етістік арқылы қимыл, амалдың істі істеуші адамға қарым-қатынасы
қоса көрсетілетін болса, ол етістіктің: 
а) шақ категориясы в) рай категориясы
с) етіс категориясы d) есімше 
е) көсемше деп аталады; 
14) Іс, қимыл, әрекеттің істі істеуші адамның өзіне жұмсалатынын
көрсететін етістің түрі: 
а) өздік етіс в) өзгелік етіс
с) ырықсыз етіс; d) ортақ етіс е) есімше 
15) Іс, қимыл, амалды істі істеушінің өзі істемей, басқа біреу арқылы
істететіндігін білдіретін етістің түрі: 
а) өздік етіс в) өзгелік етіс
с) ырықсыз етіс; d) ортақ етіс е) есімше 
16) Іспен, қимылмен байланысты зат амалға ие болып, бірақ істі істеуші
арнайы айтылмайтын етістің түрі :
а) өздік етіс в) өзгелік етіс
с) ырықсыз етіс; d) ортақ етіс е) есімше 
17) Қай жұрнақтар сөзге жіктік жалғауларының алдынан жалғанады? 
а) сабақты в) салт с) етіс d) шақ е) көсемше 
18) Есім сөзі мен етістіктен жасалған сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) Тыңдай-тыңдай в) күліп отыр с) Өлең айт 
d) келе жатыр е) ойнап отыр 
19) Етістіктің тұлғасына қарай түрлері жазылған қатарды көрсетіңіз. 


209 
а) Дара, күрделі в) біріккен, кіріккен с) негізгі, туынды 
d) қос сөз, біріккен сөз е) тіркесті сөз, негізгі етістік 
20) Қимыл атауының үшінші жағын көрсетіңіз.
а) сөйлесуі в) оқуың с) оқуыңыз d) жеңіліс е) сөйлесуіміз 
21) Етіс түрін анықтаңыз. 
Жазысты, бөлісті, сөйлесті
.
а) ырықсыз етіс в) ортақ етіс с) өздік етіс d) өзгелік етіс
е) негізгі етіс
22) Туынды етістіктің жұрнағын көрсетіңіз. 
а) – шы, -ші в) – ыншы, -інші, с) – ғыр, -гір d) – шама, - шеме 
е) – ыра, - іре 
23) Есімшенің қызметін анықтаңыз.
Үнсіз күліп тұрған – бағанағы шәкірт
бала.
а) бастауыш в) баяндауыш с) толықтауыш d) анықтауыш 
е) пысықтауыш 
24) Қалау рай тұлғасындағы етістікті көрсетіңіз.
а) білгізгейсің, барғайсың в) барды, ойланбақ 
с) келсем, тыңдасам d) көрсемші, білсемші 
е) барайын, ойланайын 
25) Көсемшенің сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын 
көрсетіңіз. 
Үзілмей, бір қалыппен соққан жел қандай рахат! 
а) бастауыш в) баяндауыш с) толықтауыш d) анықтауыш 
е) пысықтауыш 
ІX м о д у л ь 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет