247
3. Сөйлемнің
күрделі
баяндауышының
кұрамында
шығар,
болар
сөздері және
ғой, ше
шылаулары келіп, сұраулық интона-
циямен айтылу арқылы да сұраулы сөйлем жасалады:
Мынау тіпті бір тұнған қараңғы
ғой?
Мынау осы жігіттің кескіні
шығар
?
(С. М.)
Атым Қийырғали, өзіңнің атың
ше
?
(Ғ. Мүсір.)
Сұраулы сөйлемдер, негізінде, қойылған сұраққа біреуден жауап алу үшін
айтылады. Бірақ кейбір сұраулы сөйлемдер жауап күту мақсатымен
айтылмай, бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен де айтылады. Ондай
сөйлемдерде риторикалық сұрау мәні болады. Риторикалық сұраулы
сөйлемдер көркем әдебиеттерде жиі кездеседі:
Білсең сен, нағыз сұлу мүсін қайда? Күйі
ме бұлбұл құстың жасыл майда? Немесе
таудан аққан күміс су ма? Бұраңдап
сылдыр қаққан самал сайда. (С. С.)
Достарыңызбен бөлісу: