Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Бастауыш пен баяндауыштың көптік жалғау тұлғасында бірлесіп



Pdf көрінісі
бет271/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Бастауыш пен баяндауыштың көптік жалғау тұлғасында бірлесіп 
айтылуын с а н д ы қ (көптік) қ и ы с у дейді. 
Баяндауышты бастауышпен сандық (көптік) мағына жағынан 
қиыстыратын, әрі жақтық грамматикалық мағынаны, әрі сандық 
грамматикалық мағынаны көрсететін жіктік жалғаулары болып келеді. 
I жақта 
-мыз, -міз, -пыз, -піз, -быз, -біз
 
(бұлар етістікте көсемшенің 
-
а,~е,-й 
және 
-ып,-іп,-п 
жұрнақтарынан кейін жал ғанады да, ауыспалы осы 
шақ не өткен шақ ұғымын тудырады. Есім сөздеріне жалғанып, 
баяндауыштық қызмет атқарады); 
-ды+қ, -ді+к, -ты+қ, -ті+к
 
(бұл 
қосымшалардың бірінші бөлімі шақтық, екіншісі жақтық ұғымды білдіреді) 
;-йық,-йік, -лық, -лік 
(ұйғарынды бұйрық рай ұғымында жұмсалады). 
Мысалы: 
Біз(дер) жазамыз, біз(дер) келеміз, біз(дер) барып-пыз, біз(дер) 
келіппіз, біз(дер) баламыз, біз(дер) кішіміз, біз(дер) студентпіз, біз(дер) 
агрономбыз, біз(дер) үлкенбіз, біз(дер) барайық, біз(дер) баралық.
II 
жақта баяндауышты бастауышпен көптік мағына жағынан 
қиыстыратын арнаулы жіктік жалғау қосымшасы жоқ. Екінші жақтық
-сың, -сің,
 
-ң, -ың, -ің, -ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз, -сыз. -сіз 
қосымшаларының үстіне 
-дар, -дер
 
көптік жалғауы қосылады да, екінші 


жақтық баяндауыштарды көптік тұлғада айтылған бастауышпен 
қиыстырады: 
Сендер жазасыңдар, санаңдар, айтыңдар;
Сендер келесіңдер, сөйлеңдер, келіңдер;
Сіздер санаңыздар, барыңыздар, жазасыздар;
Сіздер сөйлеңіздер, келіңіздер, келесіздер. 
ІІІ
 
жақта етістіктен болған баяндауыштар бастауышпен көптік тұлғада 
бірдейлесіп қиыспайды. Тек есім сөздерінен болған баяндауыштар ғана 
көптік жалғауы арқылы бастауышпен қиыса алады. Бірақ есімдерден болған 
баяндауыштардың да III
 
жақтық бастауышпен көптік жалғауы арқылы 
қиысуы тұрақты құбылыс емес, кейде бұлар қиыспай да айтыла береді. 
Олар 
— 
студенттер. Олар 
— 
атақты адамдар. Олар 
— 
институттың
студенттері. Олар 
— 
біздің мектептің оқушылары. Олар 
— 
біздің 
көмекшіміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет