Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет293/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

158-жаттығу.
 
Мына сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Толықтауыштардың астын сызып, 
толықтауыштан кейін жақшаның ішіне сұрауларын жазыңдар. Қандай мүшелерді 
толықтырып тұрғандығын айтындар. 
I. Абайдың жаңа Некрасовты аузына алғаны тегін емес болатын. Ауыл 
қыстауға қонғаннан бері, Абай өзі Некрасовты ерекше пейіл бере оқыды. 
Және осы күздің бірер күнінде, оңаша шақта Дәрменге Некрасовтың бірнеше 
өлеңін, дастанын әдемі әңгіме етіп, шебер тілмен жеткізіп берген . «Крестьян 
бұқара халықтың ішіндегі шынды, наразы көңілді, қайғылы халді айтуда ең 
үлкен үлгі беретін ақын осы»,— деп баяндаған. 
(М. Ә.)
II. Алатауға жанарын
Аударса бір ай күліп,
Алтын балға-орағын
Аймағым тұр Айға іліп. 
Көрсең қыран серіні 
Ұшқан тауға өрмелеп. 
Зырлады жер серігі 
Жерді айнала дөңгелеп. 
( Т. Ж.) 
III. Жалпақ жаз. Сай-салада сағым ойнаған саршаның тамызы. Саясыз 
жайлаудың жан-жануарлары көлге тығылып қана сая табады. Күннің көзінен 
өзі де күн ұзын көлге шомылып жанын сақтағандай... Шалқиған шаңқай түс 
кезінде адамның көлеңкесі де саялауға жер таппай баурына кіріп кетеді. 
Жалғыз-ақ, жүні түспеген кепей тайыншаға ұсап, қойшы-малшылар ғана 
жалба-жұлба тері тон мен жабағы күпісін тастай алмайды. Қойшылардың 
өздері күнге күйіп кұрысып, кішірейіп, күпілері ғана өсіп бара жатқан 
сияқтанады.
(Ғ. Мүсір.) 
§ 114. Толықтауыш болатын сөз таптары 


275 
Толықтауыштар да, тұрлаулы мүшелер сияқты, сөз таптарының 
барлығынан белгілі морфологиялық тұлғада тұрып жасала береді. 
1. Барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларындағы зат 
есім сөздері етістікке меңгеріліп толықтауыш болады. 
1) 
Бас конструктор да 
қабағын
 шытып, тымырая қалды. (Т. Нұрт.) 
2) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет