Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет304/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1)
 
Анықтауыш сөйлемде қандай қызмет атқарады? 
2)
 
Сапалық анықтауыш деген не? 
3)
 
Қатыстық анықтауыш деген не? 
4)
 
Анықтауыштар қандай сөз таптарынан жасалады? 
163-жаттығу

Мәтінді көшіріп жазып, анықтауыштардын астын сызыңдар да, олардың 
қандай сөз табынан жасалып тұрғандығын айтып беріндер. 
I. 1) Солардың ішіндегі ең көрнектісі және бар жиынға қадірлі, сүйіктісі- 
мынау қос ішекті домбыраны безілдетіп отырған орта бойлы, қызғылт жүзді, 
кең, ақ маңдайлы, нұрлы жігіт. 2 Үстінде қара мақпал, кең , жеңіл шапаны бар 
(М.Ә.). 3. Уығын ат үстінен шаншатын он екі қанат үлкен үй – бұл 
отырғандардың да көрмеген үйі ( Ғ. М.).
II. 1) Осы ақымақ күлкісінен өзі де опық жеген болатын. 
(Лев. Т.) 
2) Леночка 
балалық табынғыш жүзбен әншіге қарады. 
(И. С. Тур.) 
3) Оқжетпестің найза 
денесі Ботакөзге түрлі түсті жібек лента араластыра өрген қыздың тұлымына 
ұқсап кетті. 4) Күнге шағылысқан күміс күмбездей төрт ақ үй Асқардың көзіне 
алыстан шалынды. 
(С. М.) 
5) Жаңа жыл күн көзін жарқ еткізіп бақыттың 
байтақ Отанына қарады. 
(Қ. А.) 
6) Мұның әніндегі ең әсерлі жаңалық — сөзі. 
(М. Ә.) 
§ 118. Пысықтауыш 


Пысықтауыш сөйлемдегі етістік баяндауыштың және етістіктен болған 
өзге мүшелердің қимылдық сапасын, белгісін көрсету үшін қолданылады. 
Пысықтауыштың синтаксистік қызметі жағынан анықтауышқа ұқсас 
қасиеттері де, анықтауыштан ерекше белгілері де бар. Оның анықтауышқа 
ұқсастығы — сөйлемдегі басқа бір сөздің бір сапасын, ерекше қасиеттерін 
білдіруі. Ерекшелігі — анықтауыш есім сөздермен байланысты болып, оларды 
анықтап тұратын болса, пысықтауыш етістік сөздерімен байланысты болып, 
қимылдық әрекеттерді пысықтап тұрады. Мысалы, 
Қысқа жіп күрмеуге 
келмейді 
дегенде 
қысқа 
анықтауыш болса, 
Ол жиналыста қысқа сөйледі 
дегендегі 
қысқа 
— пысықтауыш. Өйткені біріншіде қ а н д а й жіп? деген 
сұраққа жауап беріп, зат есім сөзінің белгісін керсетсе, екіншіде
қ а л а й сөйледі? деген сұраққа жауап беріп, етістіктің қимылдық белгісін 
көрсетіп тұр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет