Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет334/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

1. Оңашаланған айқындауыш.
Өзі қатысты сөзден кейін айтылып, 
өзінің алдындағы сөздің заттық, шақтық мағынасын дәлдеп түсіндіретін 
бір сөзді я бірнеше сөздердің тіркесін о ң а ш а л а н ғ а н а й қ ы н д а 
у ы ш м ү ш е д ейді. 


303 
Өзінің айқындайтын, дәлелдейтін сөзі қандай мүше болса, оңашаланған 
айқындауыш мүше де сөйлемнің сол мүшесі болып тұрады. Оңашаланған 
айқындауыш мүше өзінің айқындайтын сөзінен және сөйлемнің өзге 
мүшелерінен дауыс ырғағымен ерекшеленіп айтылады. 
Жазуда оңашаланған айқындауыш мүшенің екі жағынан да үтір 
қойылады. Қейде оңашаланған айқындауыш мүше күрделі болып келсе, 
үтірдің орнына сызықша да қойылады. 1.
Олар, тың және тыңайған 
жерлерді игерушілер
, кездескен қиыншылықтарды табандылықпен жеңе 
білді. 
2) 
Біздерге, ел болашағы-
жастарға
, өз Отанымыздың игілігі үшін еңбек 
етуден ардақты міндет жоқ.
Бұл сөйлемдердегі 
тың және тыңайган жерлерді игерушілер,ел 
болашағы-жастарға, 
деген сөздер өздерінің алдындағы айқындайтын,
дәлдейтін сөзімен тұлғалас келіп, бірінші сөйлемде бастауыш, екінші 
сөйлемде толықтауыш қызметінде тұрып, 
олар, біздерге 
деген сөздерді екінші 
сөзбен айқындап тұр. 
176-жаттпығу.
 
Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, оңашаланған айқын-дауыш 
мүшелердің астын сызыңдар да, қай сөзді айқындап тұрғанын керсе-тіңдер. 
1) Алғаш мұндай ерікті жұмыстар аптаның соңғы күні, сенбі күні, істелетін 
болды. 2) Электр станциясының ашылатын күні, 14 қараша да, келді. 
(А. К.) 
3) 
Шоқан сықылды туған елін, қазақ даласын , шын жүректен сүйген
патриотты еліктіріп әкету мүмкін емес еді. 
( С.Бегал.) 
4) Біз, Алматының 
машина жасаушылары, Карповқа су торабының құрылысшыларынан жаңа 
тапсырыс қабылдадық. 5) Заводтың ұжымы — жұмысшылар, инженерлер,
техниктер —бұл тапсырысты тез орындауға шұғыл кірісті 
(«С. К-») 
6) Ал 
бүгін, 1954 жылдың 13 наурызынын 14 наурызына ауысқан түні, Москваның 
мол денесіндегі әрбір мүшесі маған ерекше әдемі сияқтанып көзім түскеннің 
бәріне сұқтана, таңырқап қараймын. 
(С. М.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет