Қайреке. (Ғ. Сл.)
2
)
Асанәлі ағай,
студенттер
сізбен суретке түскісі келеді. (А. Қ.)
Поэтикалық шығармаларда қаратпа сөз тек адамға ғана емес, жанды-
жансыз нәрселерге де қаратылып айтыла береді.
1.
Егіске күйің қалай,
Қызыл атым?
Күн мынау күшті дене қызынатын.
(С. С.)
2.
Қеруендей кемелері Қернейлеткен,
Аралым!
Кеме сайын еңбек ері
сертке жеткен,
Аралым!
(Қ. А.)
Қаратпа сөздер бірнеше сөздердің тіркесінен де келуі мүмкін.
1.
Сәйлей бер, ақ
домбырам
дүмбірлеген,
Шарықтап күй төгілді бүгін менен.
2.
Балалар,
аманбысың,
шырақтарым, Майысып көлге біткен
құрақтарым.
(Ж. Ж.)
Қаратпа сөз сөйлем мүшелерімен грамматикалық байланысқа енбейтін
болғандықтан, сөйлемнің қай жерінде келсе де оқшауланып үтірмен бөлініп
тасталады.
1. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, қаратпа сөздің айтылу интона-
циясына қарай, одан кейін не үтір, не леп белгісі қойылады. Егер қаратпа
сөзден кейін леп белгісі қойылса, келесі сөз бас әріппен жазылады.
—
Балалар,
сендер ауылдағы ақымақтықтарыңды мұнда істемеңдер, оларың
жарамайды,
—
деп, өзінше майдалап көрді.
—
Мырқал аға!
Жалынамын, достықты жаулық деп түсінетін
әдетіңізді
тастаңыз. (Ә, Ә.)
2. Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан да үтір
қойылады.
—
Қешіріңіз,
жолдас,
директор қабылдамайды. Ол қазір емтиханда. (В.
Л.)
3. Қаратпа сөз сөйлемнің соңында тұрса, оның алдынан үтір қойылады.
—
Япырай, мынауың да бір соны сөз болды-ау,
Достарыңызбен бөлісу: |