Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет352/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

188-жаттығу. 
Көшіріп жазып, атаулы сөйлемдердің астын сызыңдар. 
 
1) Қырық жыл. Бұл даңқты жылдар ізімен жүріп отырсаңыз — қыр 
астында, қара үй ішінде күйбеңдеген ата-анаңыз бүгін дүмбірлеген ақ үйде 
отыр. 
(«Қ. Әд.») 
2) Жазғытұрым. Түс мезгілі. Малды аман төлдетушілерге 
арналған кілем, киіздер. Орындықтар. 
(Ә.Т.) 
3) Үш жыл өтті. Жаз күні. Қас 
қарайған уақыт. Ауылда ұйықтамаған үй кемде-кем. ( 
Ғ. М.) 
4) Оған биыл 
аттай қырық жыл. Көктем. Ауыл Достың дөңіне кеп үй тігіп жатыр. 5) 
Шаңқай түс. Күн нұрын құйып тұр. 
(Ғ. М.) 

ҚАЙТАЛАУҒА АРНАЛҒАН
ЖАТТЫҒУЛАР
189-жаттығу.
 
Мына мәтінді оқып шығып, жай сөйлемдерді мағынасына және 
кұрылысына қарай түрлеріне айырыңдар. 
— Қайырлы кеш! Кеме тұмсығында бүгін қандай жаңалықтар бар? 
Оган бір дауыспен әрі бір ырғакпен: 
— Кеме үстінде иттер жүгіріпті. Үрейлер шығыпты, зеріккеннен шыбын-
дарды қырыпты,— деп жауап береді. 
Жетер сендердің қудалауларың,— дейді біздің качегар. 
— Сен ынталана тыңдайтын бірдеңе айтсайшы,— деп өтінді олар. 
— Я, айтатын нәрсе бар-ау... Тек мен қысыр әңгімеге шебер емеспін. Егер де 
тыңдағыларың келсе, шын болған нәрсені, теңіз үстінде болған оқиғаны 
айтайын... Мейлі теңіз кызметіне жаңа келген біздің жас матростар тыңда-сын. 
Болған істі айтайын. 
Жас матростар качегардан шын ертегі айтуды сұрай бастады... Ол көктегі 
жұлдыздарға көз салды. Кеме үсті жым-жырт. Качегар шылымын шегіп, 
брезентке отырды. 
- Ал, жарайды, сендерге мен біздің командир туралы бір шындықты айтып 
берем. Оның шашының неліктен ағарғанын кім біледі? 
— Қартайған шығар? 
— Қайдағы қарттық оған! Ол
 
әлі кәрі емес. Қырыққа жаңа ғана жетті, шашы 
аппақ қудай. 
(Л. К.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет