Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет38/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

19-жаттығу. 
Мына үзінділерді көшіріп жазып, буын үндестігі бойынша жазылып тұрған 
сөздердің астын бір, буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздердің астын екі сызыңдар да, 
себебін түсіндіріңдер. 
І. Ауылда шеттен келген кісілер бар секілді.Оңашалау тігілген қонақ үйдің 
сыртындағы кермеде күміс ер-тұрманды бірнеше жарау аттар байлаулы тұр. 
Жолаушылар күймеден түсіп жатқанда, үлкен ақ үйдің қасында топтанып 
тұрған үлкендер де бері қарай аяңдады. Ең алда Керімбайдың өзі, одан сәл 
кейінірек Ажар бәйбіше мен тағы басқа жақын туыстар. Дәмежан алдымен 
әкесіне келіп сәлем берді. Бұл күнде елудің мол ішін аралап кеткен Керімбай 
ұзын бойлы, мол бурыл сақалды, түксиген қалың қабақтың астынан шүңет 
көзі адамға тесіле қарайтын түсі суық, айбарлы кісі еді (Қ. Жұмад. ). 
 

ІІ. Шереметьев аэропортынан «ТУ-114» ұшағы садақтың оғындай аспанға 
атылып, шырқау биікке көтеріліп алды да, Атлантика мұхитына қарай зулай 
жөнелді ( І. О.). 2.Теңіз бетінде ақ отаудай болып, төңкеріліп бара жатқан 
айсбергтер ұшырайды. Мұхиттарды көктей өтіп, Канаданың океандық 


37 
провинцияларының бірі-Лабродордың үстімен ұштық ( І. О.). 3.Осы бір 
көңілді елегізткен қаһарлы күндері генерал-майор Панферовтың штабына 
армия командашысы келді. Қасына екі-ақ адам ертіп, жалғыз «Виллиспен» 
жүрген генералды ешкім байқай қойған жоқ ( Т.Ахт. ). 4. Жақындап қалған 
снарядтың даусын танып, Раушанды еппен тез жатқызды ( Т. Ахт. ). 
5.Бұрынғы педагогтік дәстүрді бұзып, шәкіртіне қол беріпқоштасуы
Алябьевтің өзіне де, Әлияға да ерсі көрінді ( Ж. Ж.). 
 

§
 
16.
Дыбыс үндестігі 
Түбір сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз тіркестерінің аралы-
ғында көрші дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, үндесуін д ы б ы с


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет