Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет400/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

 213-жаттығу

Мына сөйлемдерді оқып шығыңдар да, әуелі салалас құрмалас 
сөйлемдерді, одан кейін сабақтас құрмалас сейлемдерді теріп жа-зыңдар. 
1) Ксенья Захаровна кеткеннен кейін, Кузьменко Абдуллаходжаевтың жеке 
ісін алып, әр күнгі тіркелген жайға зер салды. 
(Қ. Т.) 
2) Сәттің қасындағы 
Тоқашты көргенде, отырғандар, төбесінен нажағай түскендей, селк етіп 
үрпиісіп қалды. 
(3. Ш.) 
3) Бүдан бірнеше күн бұрын жүрттың қозғалысында 
бір асығыстық бар еді, қазір ол жоқ. 
(Ғ. Мүсір.) 
4) Сөз де тоқтам тауып, кешке 
көптеген жұмыстарға байланысты шешім жасалды.
(К. О.) 
5) Сенімді көлік деп сапарымызға «Газ-б9»-ды алдық, бірақ ол көлік 
сенімімізді ақтамады. 
(С. М.) 
6) Әшейінде жүзі суық болғанмен, кейде осы 
кемпірдің күлкісінен аналық мейірім анық сезілетін-ді. 
(Әб. Нұр.)
7) Аралары азырақ ауысып, аз ғана бөгелісті де, бір кезде бір топ қыздар 
ортасынан екі қызды ілгерірек бөліп шығарды. 
(М. Ә.) 
8) Бетін жел қағып, 
күнге күйіп күреңітсе де, жаудыраған бота көзі өзгерген жоқ. 
(Ғ. М.) 
9) Мен 
Михаил Ивановичтың осы бір сөзіне әбден сеніп алған едім, сондықтан да 
әкемнің амандығына да, өзіміздің апат құшағынан құтылатынымызға да бұдан 
былай ешбір шек келтірмедім. 
(Ә. С.) 
10) Егер аттылар осылай қарай тура 


363 
беттегенде, Олжабек сасқаннан «Ал, Жамал, ұсталдық» деуге де бейім еді. (Ғ.
М.) 
214-жаттығу.
 
Мына сөйлемдерден сабақтас сөйлемдерді теріп жазып, олардың түрлерін 
айтып беріңдер. 
1) Орта бойлы келген семіздеу қара жігіт жүзі құбылып үйден шығып кетті, 
отырған жұрт бір-біріне қарап жымыңдасып мәз боп қалды. 
(Б. М-ұлы) 
2) 
Біреуі бұлаңдап алдымызға түсе жөнелгенде, екеуі артымызды айналды. 
(Ғ. 
М.) 
3) Орыстар бұзауды енесінен туа сала бөледі де, тез түңіліп кетеді.
(С. М.) 
4) Сабаншының аузына телміре қалса да, жуырда жауап ала алмады 
Олжабек. 
(Ғ. М.) 
5) Күн батып, түн басталғанмен, табиғаттың қараңғылығы 
Москваның өшпес сәулесін жеңе алған жоқ. 
(С. М.) 
6) Құнанбай тез бұрылып 
сәлемдерін алды да, қысқа ғана амандық сұрады. 
(М. Ә.) 
7) Көзқарасындағы 
сыры үн-түнсіз-ақ аңғарылып, жүректі елжірете сезім тудыратын жағдайлар аз 
ба? 
(К. О.) 
8) Көпірге келіп тірелген жау қолы жоқ, сиреп қалған жаяу жұрт 
өтіп жатыр екен. 9) Енді Кәрден ыза болмағанда, кім ыза болады.
(3. Щ.) 
10) Өз қамын ойласа, бейнеттен тартынса, Құлжатай онда бармас еді, 
бірақ партия мен үкімет болып, сондай колхоздың адамына да, малына да аса 
пейілін салды. 
(М. Ә.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет