Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет182/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

§ 71. Есімдіктің түрлері 
 
Есім сөздердің орнына қолданылатын есімдіктердің лексикалық 
мағыналары бірдей болмайды. Есімдіктер мағыналық ерекшеліктеріне қарай 
мына сияқты жеті топқа жіктеледі: 1) жіктеу есімдігі, 2) сілтеу есімдігі, 3) 
сұрау есімдігі, 4) өздік есімдігі, 5) белгісіздік есімдгі, 6) болымсыздық есімдігі, 
7) жалпылау есімдігі. 
1. 
Жіктеу есімдігі. Сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде адамдарды не 
бөгде заттарды білдіретін зат есім сөздерінің орнына қолданылатын 
сөздерді ж і к т е у е с і м д і г і
 
дейді.
Жіктеу есімдіктері үш жақта колданылады. Сөйлеуші адамды білдіретін 
сөз I жақ болады. Оған
мен, біз, біздер 
деген сөздер жатады. Тыңдаушы 
адамды білдіретін сөз II
 
жақ болады. Оған 
сен, сендер, сіз, сіздер 
деген сөздер 
жатады. Бөгде адамдарды не бөгде бір затты білдіретін сөз III
 
жақ болады. 
Оған 
ол, олар 
деген сөздер жатады. 
Жіктеу есімдіктерінің I және II
 
жағы к і м? деген сұраққа жауап береді, 
өйткені I және II жақ тек адамды білдіретін сөздердің орнына жүреді, яғни 
бірінші жақ сөйлеуші адамды, екінші жақ тыңдаушы адамды білдіреді. Жіктеу 
есімдігінін Ш жағы к і м? н е? деген сұрақтардың біріне жауап береді, 
өйткені үшінші жақ тек бөгде адамды ғана білдірмей, әлемдегі нәрсе-лердің 
бәрі де III
 
жақ болып саналады. Сондықтан да жіктеу есімдігінің III жағы мен 
сілтеу есімдігі тұлғалас болады. Мысалы: 
ол, олар 
деген сөздер бірде жіктеу 
есімдігі, бірде сілтеу есімдігі болып саналады. 
Жіктеу есімдіктері жекеше түрде де, көпше түрде де қолданылады. 
Мысалы: 
жекеше 
көпше 
I жақ 
мен 
біз, біздер 


II жақ 
Сен (сіз) 
сендер (сіздер) 
III жақ 
ол 
олар 
Жіктеу есімдіктері жекеше және көпше түрде септеледі. Жіктеу 
есімдіктердің жекеше түрде септелуінің зат есім сөздерінің септелуінен кейбір 
тұлғалық айырмашылықтары бар. Оларға мыналар жатады: 
а)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет