Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


нда, бірде көмекші етістік мағынасында қолданылатын етістіктерді



Pdf көрінісі
бет199/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

нда, бірде көмекші етістік мағынасында қолданылатын етістіктерді 
айтады. 
Қазақ тілінде жеке тұрғанда толық мағынасы бар негізгі түбір 
етістіктердің көпшілігі-ақ өзге бір есімше және көсемше тұлғалы етістікке 
тіркесіп айтылып, ауыспалы көмекші етістік қызметінде қолданыла береді. 
Көбіне ауыспалы көмекші етістік қызметінде қолданылатын етістіктерге мына 
сияқты сөздер жатады: 
отыр, жатыр, тұр, жүр, ал, бол, қал, сал, көр, бер, 
қой, кел, түс, қара, баста, жібер, айнал, таста. 
Мысалы: 1. 
Бала керуетте 
жатыр. 
2. 
Ол Алматыда 
оқып жатыр. 
3. 
І нім үйде 
қалды. 
4. 
Емтихан 
сессиясы жақындап
 қалды. 
Бұл сөйлемдердің бірінші, үшінші-сіндегі 
жатыр, 
қалды 
деген сөздер өздерінің ,бастапқы мағыналарында қолданылып, толық 
мағыналы негізгі етістік қызметінде, сейлемнің дара етістік баяндауышы 
болып тұр.
 
Ал екінші, төртінші сөйлемдердегі 
оқып жатыр, жақындап
қалды 
деген тіркесгерде 
жатыр, қалды 
деген сөздер өздерінің бастапқы 
мағыналарынан айырылып, күрделі баяндауыштардың бірінші сыңарындағы 
оқып, жақындап
деген көсемше етістіктерге тіркесіп айтылып, негізгі сөзге 
осы шақтық және өткен шақтық, үшінші жақтық грамматикалық ұғым беру 
үшін қолданылып тұр. Бұл тұрақты тіркес күйінде ешкандай 
жату, қалу 
түсінігі жоқ, ауыспалы көмекші етістіктер күрделі етістіктің құрамында 
айтылғанда, негізгі етістіктегі айтылған қимылдық процесті тек жақ және шақ 
жағынан ғана тиянақтап қоймай, негізгі етістік-тегі қимылдың өту сатысын, 
өту қалпын, дәрежесін де көрсетіп тұрады. Мысалы 
іш 
деген қимылды алып, 
осыған көмекші етістіктерді тіркестіріп айтатын болсақ, сол 
ішу 
процесінің әр 
түрлі сатысын көрсетуге болады. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет