Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 126. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі



Pdf көрінісі
бет321/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

§ 126. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі 
Сөйлемдегі сөздер қалай болса солай орналаса бермейді. Тілдің
грамматикалық заңдарына байланысты әрбір сөйлем мүшесінің өзіне тән
орны болады. 
Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің бірқатары бір – бірімен белгілі
жалғаулар арқылы байланысады да, олардың сөйлем ішінде орналасуы

 е р і к т і
болып келеді. Ондай сөздерді сөйлемде бір орнынан екінші
орнына орналастыруға болады. Өйткені олардың бір – бірімен мағыналық
байланысы морфологиялық тұлғалар арқылы көрініп тұрады да, орын 
алмастырғаннан ондай мүшелердің мағыналық байланысы бұзылмайды, 
синтаксистік қызметіне нұқсан келмейді. 
Орын тәртібі жағынан ерікті мүшелерге қиыса, меңгеріле, матаса
байланысатын мүшелер жатады. Мысалы, 
Салық қалаға машинамен
барады 
деген сөйлемді 
Қалаға Салық машинамен барды
немесе 
Машинамен
Салық қалаға барды 
деп те айтуға болады
.
Бұл сөйлемдердің үшеуінде де 
Салықтың барғандығын және қайда? немен? барғандығы айтылған. 
Сөйлемнінң бірқатар мүшелерінің орын тәртібі т ұ р а қ т ы болып
келеді. Яғни мұндай мүшені бір сөйлем ішінде басқа орынға алмастыруға
болмайды. Орын ауыстырғаннан не сөйлем мағынасына кемшілік келеді, не
ол мүшенің сөйлемдегі атқаратын синтаксистік қызыметі өзгереді. 
Сөйлемдегі орын тәртібі жағынан тұрақты мүшелерге қабыса
байланысатын мүшелер жатады. 
Қазақ тілінде жай хабарлы сөйлемдерде сөйлем мүшелерінің орын
тәртібі төмендегіше болып келеді: 
1.Бастауыш, негізінен, баяндауыштан бұрын айтылады. Бастауыштың
баяндауышпен қатар тұруы да, араға сөз салып тұруы да мүмкін.
1.
Командир
 бірден бинокліне жармасты.
(Л.К.) 
2. Баяндауыш қазақ тіліндегі дұрыс құралған прозалы сөйлемде, көбіне,
сөйлемнің аяғында тұрады. 
1. 
Ербол Абай сөзіне сүйсініп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет