Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 35. Лексиканың стилдік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет72/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

§ 35. Лексиканың стилдік ерекшеліктері 
 
Қоғамдағы адамдардың еңбек процесінде өзара түсінісіп, пікір алысуының 
еңбекті ұйымдастыруда , еңбек өнімін арттыруда ерекше маңызы бар. Белгілі 
тілдің сөздік құрамына енетін, сол тілде қолданылатын сөз байлығын , халық 
қазынасын іріктеп ұстаудың, дұрыс пайдаланудың жазу, сөйлеу тілінде 
ерекше маңызы бар. 
Қазақ тілінің сөз байлығын сарқа пайдаланған ақын, жазушы жоқ және 
қазақ тіліндегі сөздер толық жиналып, әрсөздің мағыналары есепке алынатын
түсіндірмелі сөздік толық жасалған жоқ.Сөйте тұрса да тілдегі бар сөздерді 
әркім өзінің керегінше, өзінің білгенінше пайдаланады. 
Белгілі идеаны, пікірді білдіру үшін жалпы халықтық тілдің сөз 
байлығындағы сөздерді шығарманың түріне сәйкес іріктеп, екшеп, 
талғап пайдаланудан туатын лексикалық ерекшеліктерді с т и л ь д і к е 
р е к ш е л і к т е р дейді.
Жазба әдеби тілдің стилі ауызша сөйлеу тілінің стилінен белгілі дәрежеде 
ерекше болып келеді. Ауызша сөйлеу тілінде қолданылатын жеке сөздер мен 
сөйлемшелерді жазба әдеби тілде қолдануға болмайды. Мысалы; 
нан же, 
тағы бір асап жібер, былжырама , есің дұрыс па т.б. 
Көркем шығарманың тілі ғылыми шығармадан ерекше болып келеді. 
Көркем шығармада қолданылатын сөздер, көбінесе, сөздің ауыс мағынасында
ұсталып, әрбір сөздің мағынасы белгілі контексте ғана тиянақталып отырады. 
Абай Құнанбаев : «Қар жауып, күн суытып, қыс түсті» деудің орнына «Қыс» 
деген өлеңінде: 
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, 
Соқыр, мылқау -танымас тірі жанды. 
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, 
Басқан жері сықырлап келіп қалды. 
Дем алысы-үскірік, аяз бен қар, 


Кәрі құдаң-қыс келіп әлек салды.-
деп суреттейді. 
Ғылыми шығармалардың тілі, ондағы қолданылатын жеке сөздер өзінің дәл
нақты мағыналарында ғана қолданылады. Ғылым тілінің стилі бейнелеу, 
әсірелеу сияқты көркемдік тәсілдерді қолдануды көтермейді. Ғылымдағы 
берілетін анықтамалар мен ережелер әрі қысқа, әрі әрбір сөзі дәл түсінікті 
болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет