Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет94/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

 
ЖАЛАҢ СӨЗДЕР 
§ 41

Түбір сөз 
Сөйлем ішінде бір-бірімен синтаксистік байланыста тұрған сөздер 
морфологиялық құрамы жағынан мағыналық бөлшектерге ажыратуға келетін 
түрде де және морфологиялық құрамы жағынан бөлшектеуге келмейтін түрде 
де қолданылады. Мысалы, 
хатшы, , қуғын, терезеге, ботақан 
деген сөздер 
морфологиялық құрамына қарай бөлшектеуге келеді. Оларды 
хат + шы, қу-
ғын, терезе + ге, бота+қан 
деп бөлшектесек, 
хат, қу, терезе, бота 
деген 
бөлшектерінің өзі белгілі нәрселер мен ұғым және қимылды білдіріп, 
лексикалық мағынаға ие болады. Ал 
балық, сиыр, сазан, кереге, жұдырық, 
тауық, қарағай
сияқты сөздер морфологиялық құрамына қарай бөлшектеуге 
келмейді. Егер де бұл сөздерді 
ба + лық, си-ыр, са+зан, кере + ге, жұдыр + 
ық, тау-ық, қар 
немесе
 қара-ғай 
деп бөлшектесек, 
ба, си, са, кере, жұдыр, 
тау,қар 
деген бөлшектері ешқандай нәрсенің, ұғымның, қимылдың атауы 
болып, белгілі мағына бере алмайды. Сөздерді тек мағыналы бөлшектерге ғана 
бөлуге болады. 
Бөлек алғанда белгілі нәрсенің атауы ретінде лексикалық мағынаға 
ие болып, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін сөз бөлшегін т ү б і р с ө з
немесе н е г і з г і т ү б і р дейді. 
Мағыналас, түбірлес сөздердің барлығында бірдей кездесетін, сөздерге 
қосымшалар жалғанғанда өзгеріссіз қалып отыратын сөздің мағыналы түп 
бөлшегі негізгі түбір болып саналады. Мысалы:
бас 
— 
бас + шы 
— 
бас + 
тық 
— 
бас + қар 
— 
бас + қар+
ма 
— 
бас + сыз 
— 
бас + сыз + дық. 
 
53-жаттығу.
 
Төмендегі берілген сөздердің ішінен түбірлес сөздерді теріп, бірінің астына 
бірін көшіріп жазыңдар да, негізгі түбірін бөліп көрсетіңдер. 
Егін, жұмыссыз, жер, су етікші, ойын, қамыс, ек, тарақ, жұмысшы, таулы, 
ойыншық, етіксіз, тершең, бастық, жұмыскер, ойнаған, егінші, сушы, ән, ерін, 
сусыз, терлік, жұмбақ,терең,ойық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет