Абай Құнанбайұлы
(1845-1904)
Ырғызбай Өскенбай Құнанбай
Күңке Ұлжан Айғыз Нұрғаным
Құдайберді 1.Тәкежан Халила
2. Абай Ысмағұл
3.Ысқақ
4. Оспан
Абайдың азан шақырып қойған аты – Ибраһим.
Әжесі Зере сүйікті немересін Абай, яғни сүйкімді деп еркелеткен. Осыдан кейін ел арасында шын аты аталмай, Абай атанып кетеді.
Абай он екі жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне түседі. Онда 3 жыл оқиды. Медреседе оқып жүріп 3 айдай орыс мектебінен дәріс алады. Абай араб, түрік, парсы тілдерінде үйренеді.
Абай орыс әдебиетімен Пушкин, Лермонтов, Достоевский, Белинский, Добролюбов шығармаларымен танысады. Әсіресе Пушкин мен Лермонтовтың шығармаларын сүйіп оқыған.
Пушкиннің “Евгений Онегин”қазақ тіліне аударады, әрі өзі “Татьянаның хаты” атты ән шығарды.
Қазақ әдебиеті сабақтарында тірек сызбалардан басқа белгілі жазушылар -дың жалпы өмірбаянымен танысқаннан кейін жоғарыда көрсетілген семан -тикалық талдауды орындатуға болады. Белгілі бір шығармамен танысқаннан кейін сол шығарма бойынша кестені толтыртуға болады. Осындай жұмыстар өте ыңғайлы деп есептеймін.
Қорыта айтқанда, өзге тілді мектептегі қазақ тілі мен әдебиет сабағында тірек-сызбаларды қолданудың маңызы зор.тірек-сызбалар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады. Сонымен қатар оқушылардың тілді меңгеруінде үлкен рөл атқарады және жетілдіреді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде №1, 2012 , №5 2006
2. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде №5, №6 2010ж.
3. Қадашева К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –А: Мұрагер, 2005. 168 б.
4. Интернет бетінен алынған материалдар.
Достарыңызбен бөлісу: |