Қазақ тілі мен әдебиеті Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар



бет55/64
Дата19.12.2021
өлшемі420,74 Kb.
#103566
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   64
Байланысты:
каз тили нуралы

Мәнмәтіндік тапсырмалар

2-мәнмәтін

Бір дұрыс жауабы бар 5 тапсырма

Атақты «Қорлан» әнінің авторы Естай ақын жетпіс екіге келіп, тіршілікпен қоштасар шағында аласұрып, жан досы Нұрлыбекті іздепті. Екі күндік қашық жерде тұратын Нұрлыбек аттан құлап, аяғын сындырып алғанына қарамастан, арбаға жамбастай жатып, досына жеткен екен. Сонда Естай әбден жұқарып тозуға айналған сұқ саусағындағы жүзігін көрсетіп: «Сүйегіме кіретін қарттарға ескерт, мына жүзікті жарты ғасыр қолымнан тастамай келгенімді білесің. Ендеше қалған ғасырларда да саусағымда жарқырап жатсын... ұлы сезімін кішкене жүзігіне сыйдырған қайран Қорланым-ай», - деп ағыл-тегіл жылапты.

Естайдың бұл әрекетін естіген Қорлан:

Егер олай етпесе,

Естай Естай бола ма?!

 Естай Естай бола ма?!

Онсыздағы жаны сұлу балаңа

Сұлу өмір сыйлапсың-ау, жер-ана! –деп ақ жаулығы ай нұрымен желкілдеп, еңкілдейді. (М.Шаханов)

66. Ақынның аты

A) Қорлан

В) Матар

С) Естай 

D) Маралды

E) Hұрлыбек 

67. Естай ақынның Нұрлыбекті шақырту себебі

А) Арманды өтінішін айту

В) Іштегі мұңымен бөлісу

C) Аманатын қайтару

D) Жан досымен кездесу

E) Алыстағы досын сағынуы 

68. Мәтінге сәйкес келетін авторлық байлам

А) Сүю үшін жаралған жандар

В) Нағыз ғашық қартығына көне ме?

C) Ғашықтың тілі -тілсіз тіл

D) Достық - алтыннан қымбат

E) Махаббатсыз өткен ғұмыр 

69. Мәтіндегі «жүзік» сөзінің шығармадағы әдеби ұғымы

А) Мақсат

B) Cимвол

C) Идея


D) Aйшық

E) Әшекей 

70. Асық жандардың сүйіспеншілігінің белгісі

А) ұлы сезім

В) кішкене жүзік

С) жарты ғасыр

D) ақ махаббат

E) сұлу өмір 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет