Қазақ тілі мен әдебиеті Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар



бет11/64
Дата19.12.2021
өлшемі420,74 Kb.
#103566
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64
Байланысты:
каз тили нуралы

Бір дұрыс жауабы бар 5 тапсырма

Атымтай жомарт

Атымтай жомарт айтты дейді: «Өзім дәулетті бола тұра, жұмыс істеуімнің төрт түрлі себебі бар. Әуелгісі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне бойы әдет етсең, көңілге жел кіргізеді, содан өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиреніп, көз салмай, кем-кетіктерге жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын. Екіншісі: бар бола тұрып, мен жұмыс қылсам, мұның кемшілік еместігін біліп, кейінгілер әбірет алсын деймін. Үшіншісі: күн сайын өзім еңбектеніп тапкан бір-екі пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол тамақ болып тарайды, сңбекпен тапқан дәм тәтті, сіңімді болады. Төртіншісі: дәулетті өзімсініп, тиісті орынға жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын» деген екен.

(Ы.Алтынсарин)



  1. Атымтай жомарттың өмірлік ұстанымы

  1. Мал берген иесіне күналі болмау

  2. Кейінгілер әбірет алсын деп өмір сүру

  3. Терезесі томен бейшаралардан жиренбеу

  4. Дәулетті бола тұра, жұмыс істеу

  5. Өзі еңбектеніп тапқан бір-екі пұлға нан сатып алу

  1. Мәтіндегі әлеуметтік-тұрмыс жағдайы туралы айтылған сөз

  1. асыл киім

  2. кем-кетіктер

  3. терезесі төмен

  4. мал берген ие

  5. кейінгілер

  1. «Бар бола тұрып, мен жұмыс қылсам, мұнын кемшілік еместігін біліп, кейінгілер әбірет алсын деймін»,-деген сөйлемдегі «әбірет» сөзі

  1. көнерген сөз

  2. табу сөз

  3. диалект сөз

  4. жаңа сөз

  5. кәсіби сөз

  1. Атымтай жомарттың жомарттығын танытатын сөзі

  1. Дәулетті тиісті орынға жаратамын

  2. Бар бола тұрып, жұмыс қыламын

  3. Кем-кетіктерге жәрдем беремін

  4. Жұмыс істеуімнің төрт түрлі себебі бар

  5. Кем-кетіктерге жәрдем бсруді ұмытармын

  1. Мәтінге сәйкес келетін нақыл сөз

  1. Бойыма сол тамақ болып тарайды.

  2. Мал берген иесіне күнәлі болармын.

  3. Кейінгілер әбірет алсын.

  4. Кем-кетіктерге жәрдем беруді ұмытармын.

  5. Еңбекпен тапқан дәм - тәтті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет