Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің 2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмысының аналитикалық есебі



бет1/2
Дата30.05.2020
өлшемі33,04 Kb.
#71666
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жылдық есебі 2019-2020 жыл


Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің 2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмысының аналитикалық есебі

ӘБ құрамында 8 мұғалім: 3 мұғалім-сарапшы, 2 мұғалім-модератор, 3 мұғалім бар.

2019-2020 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігіне төмендегідей міндеттер қойылған болатын:


  • барлық сыныптарға NIS-program ерекшеліктерін тиімді пайдалану;

  • 7 - 11 сыныптың NIS-program және кіріктірілген білім беру бағдарламаларын енгізіп толықтырулар мен өзгерістерді жүзеге асыру;

  • 10-12 сынып оқушыларын СЖБ сапалы дайындау;

  • мұғалімдердің өз білімін жетілдіру және дамыту;

  • үш тілділік бағдарламасы бойынша сапалы білім беру;

  • мұғалімдердің тәжірибиесін жинақтау және тарату.

Жыл басындаӘБ мұғалімдері барлық сыныптарға NIS-program ерекшеліктерін тиімді пайдалану мақсатында 7 - 11 сыныптың NIS-program және кіріктірілген білім беру бағдарламаларына енгізілген толықтырулар мен өзгерістермен танысты.

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ негізгі құжаттары мен міндеттеріне енгізілген жаңалықтармен танысу мақсатында және мектептің миссиясын, пайымдауы мен құндылықтарына талқылау жасады. Құжаттармен танысу, талқылау жоспарланған ӘБ отырысында қаралды.

Оқу жылы барысында нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізілгенде жұмыс өз нәтижесін беретіні айқындалды. 2018-2019 оқу жылындағы СЖБ жұмысының сапасын талдап, жіберілген кемшіліктерді 2019-2020 оқу жылында 10-12 сынып оқушыларын СЖБ дайындауда түзету жолдары ұсынылды. Жіберілген кемшіліктер:10-12 Т1 емтихан жұмысында қамтылған «Жазылым» компонентінің 1 және 2- тапсырмасы бойынша оқушылар А бөлімі: шығармашылық жазба жұмысы мен Ə бөлімі: Көзделген аудиторияға арналған жазба жұмысын орындауы тиіс. Тапсырма шартына сəйкес оқушылар ұсынылған алты тапсырманың ішінен А бөлімі

жəне Ə бөлімі бойынша əр сұраққа 350-450 сөзден тұратын жазба жұмысын орындауда қиналады. Шығармашылық жазба жұмысы шығармашылық тəсілдемені қолдану ерекшелігін, көркем тіл құралдары арқылы аудиторияны тарту шеберлігін, қажетті əсерге ықпал ететін сөз құрылымдарын дамыту, дарытуды көздейді. Шығармашылық жазба жұмысын орындау барысында суреттеу, сипаттау, əңгімелеу элементтері басым қолданыс тауып, оқушының қиялы мен сезімінің, көңіл-күйі мен алған əсерінің аудиторияны өзіне баурап алуда оқушылардың қиналатыны байқалады. Оқушылардың аталған тапсырма шартын түсіну, шығармашылық тəсілдемені қолдану, креативті жазу, автордың ішкі сезімі мен əсерін көрсете алу дағдысын дамытуды қажет етеді.

2019-2020 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің білім сапасының пайызы 100% құрады. Мұғалімдер білім сапасын арттыру үшін дифференциалды тапсырмаларды, оқыту мен оқытудың заманауи әдістерін қолданады. Мұғалімдер жаңа әдістер мен стратегияларды зерделеп, оларды сабақта қолданды.

Жылдың басынан  әдістемелік бірлестікте жоспарлы 5, кезектен тыс 4 отырыс өткізілді, онда әртүрлі сұрақтар қаралып, шешімдер  қабылданды.

ӘБ мұғалімдері оқу жылы басталысымен әр мұғалім өз кәсіби даму мақсатын таңдап алды және сол мақсатты жүзеге асыру барысында жұмыс жасады. Әр мұғалім өзіне қиындық туындатып жүрген тұстарын анықтап, сол кемшіліктерді жою мақсатында кәсіби даму мақсатын таңдады. ӘБ мұғалімдерінің басты проблемалары сауаттылықты арттыру болғандықтан, осы тақырып аясында кәсіби даму мақсаттарын таңдады. Мысалы «Проблемалық оқыту арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдысын дамыту», «Мәтіндерді талдау жолдары арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру»т.б.

Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ мұғалімдері тәжірибе алмасу мақсатында әріптестерінің сабақтарына қатысып, біліктіліктерін арттырып отырады. Әр айда кем дегенде 7 сабаққа қатысып отырды. Сабаққа қатысу барысында мұғалімдердің төмендегідей жетістіктері байқалды:



  • Мұғалімдер сабақты көбінесе берігіп жоспарлайды;

  • Сабақтың басында оқушыларды оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстырып өтеді;

  • Сабақ жоспарының құрылымын сақтайды және оның кезеңдері арасындағы өзара логикалық байланыс бар;

  • Тақырыпты оқу бағдарламасының өзге тақырыптарымен және тарауларымен байланыстырады;

  • Пәнаралық байланыс жасайды;

  • Жоспарланған оәдіс-тәсілдер оқу мақсаттарына жетуге ықпал етеді;

  • Жоспарланған ресурстар оқк мақсаттарына жетуге бағытталған;

  • Жоспарланған оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау стратегиялары оқу мақсаттарына жетуге бағытталған.

Сонымен қатар сабаққа ену барысында төмендегдей кемшіліктер анықталды:

  • Оқушылардың бойындағы дарындылықты дамытуға бағытталған әртүрлі әдіс-тәсілдерді өте аз қолданады;

  • Оқушылармен сапалы кері байланысты жүзеге асыруда, оқыту процесінде саралау әдістерін қолдануда кемшіліктер кездеседі;

  • Оқушылардың оқу тәртібіне, партада дұрыс отыруына, сабаққа қатысуына назар аудару керек:

  • Оқу процесі кезінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасау керек.

2020 жылдың 17-22 ақпан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ пән апталығы болып өтті. Апталықтың іс-шара жоспары алдын-ала жоспарланып, бекітілді.  Бұл іс-шараларға  пән мұғалімдері, мектеп оқушылары  белсене қатысты.  Апталық барысында Бекайдар Г. Б.,Тулегенов М.Б., Дүйсебай Б.О. “Абайдың асыл мұрасы” 7-сыныптар арасында интеллектуалды сайысын, Нурмагамбетова Н.А. мен Турлыбекова С.К. 11 “А”, “В”, “С” сынып оқушылары арасында “Абай жолы” романы бойынша интеллектуалдық сайысын, Турлыбекова С.К. мен Козбагарова Б.М. 7-9 сыныптар “Ханбибі Есенқарақызы шығармаларында адамзаттық құндылықтардың көрініс табуы” тақырыбында эссе жазу байқауын ұйымдастырды. Сонымен қатар Турлыбекова С.К. 9 “D” сыныбына “Ұрпақтар көзқарасының алшақтығы” тақырыбында, Козбагарова Б.М. 9 «В» сыныбына "Қазіргі әлемдегі жасөспірім" тақырыбында, Бекайдар Г. Б. 7 “А” сыныбына Шерхан Мұртаза “Жүз жылдық жара” әңгімесі бойынша, Нурмагамбетова Н.А. 11 “С” сыныбына “Абай - дара, Абай - дана қазақта” тақырыбында, Үсен А.М. 7 «Е» сыныбына «Интернет және әлеуметтік желілер» тақырыбында, Смагулова Р.А. 12 «С» сыныбына «Рухани-адамгершілік құндылықтар» тақырыбында, Дүйсебай Б.О. 7 «D» сыныбына «Біз не жеп жүрміз?» тақырыбында, Тулегенов М.Б. 10 «Е» сыныбына «Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақтың бас ақыны» тақырыбында ашық сабақтар өтті.

Назарбаев Зияткерлік мектептері – тәжірибе таратудың ошағы. Сондықтан тәжірибе тарату саласында қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ мұғалімдерінің де біршама үлесі бар. Айталық, Білім мазмұнын жаңарту аясында Түркістан облысы және Шымкент қаласының жалпы білім беретін 9,10-сынып мұғалімдеріне арналған тамыз конференциясында шеберлік-сағатын (Шымкент қ., 26 тамыз 2019 жыл); 28.09.2019 жылы Түркістан облысының мұғалімдеріне арналған семинарда Турлыбекова С.К. «Сабақты тиімді бақылау жолдары» тақырыбында, Үсен А.М., Бекайдар Г.Б. «Оқушы жетістіктерін криетриалды бағалау: критерийлерді даярлау, жиынтық бағалауды ұйымдастыру, модерация» тақырыбында семинар-тренингтер өтті. 23.10.2019 Созақ ауданы мұғалімдеріне арналған cеминар-практикумда Козбагарова Б.М. «Қазақ тілі пәні бойынша жаңартылған білім мазмұны аясында оқу бағдарламаларының ерекшеліктері» тақырыбында шеберлік сағатын өтті. 29.10.2019 жылы Түркістан облысы мұғалімдеріне арналған семинарда Тулегенов М.Б. 10 «Е» сыныбына «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында ашық сабақ, Смагулова Р.А. 12 «С» сыныбына «Бос уақыт қоғам дамуының көрсеткіші. Джек Лондон «Мартин Иден» романы» бойынша ашық сабақ, Турлыбекова С.К., Үсен А.М. «Критериалды бағалаудың ерекшеліктері» тақырыбында, Козбагарова Б.М., Дүйсебай Б.О. «Қазақ тілі пәнін саралап оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында Нурмагамбетова Н.А., Бекайдар Г.Б. «Сабақты жоспарлаудың құрылымы» тақырыбында шеберлік сағаттарын өтті. Сонымен қатар Нурмагамбетова Н.А., Козбагарова Б.М., Турлыбекова С.К., Тулегенов М.Б. Сарыағаш, Ордабасы, Арыс аудандарының мектептеріне барып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

ӘБ мұғалімдері жыл бойы мектеп ішінде өткен түрлі семинар-тренингтерге қатысып отырды. Сонымен қатар өз беттерінше түрлі оқу-әдістемелік нұсқаулықтар, көркем әдебиеттер оқып, біліктіліктерін арттырып отырды. Атап айтар болсақ, Нурмагамбетова Н.А. 7-сыныпқа конкурстық іріктеуге материалдарды сараптамадан өткізу семинарына қатысып, сараптамадан өткен материалдар конкурстық іріктеуге жіберілді. Үсен А.М., Дүйсебай Б.О. “Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу” курсына қатысты. Үсен А.М. «Жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныптарына арналған жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар мен спецификацияларды құрастыру және сараптама жасау» семинарына қатысып, сараптамадан өткен материалдар баспаға жіберілді. Сонымен қатар желтоқсан айында ПӨО аға менеджері Ж.Ж. Рустемова қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне «Оқушыларды сыртқы жиынтық бағалау емтиханына дайындау жолдары» тақырыбында семинар өтті. ПӨО мамандары өткізген семинарда мұғалімдер «Сыртқы жиынтық бағалауға» арналған тапсырмаларды құрастыруды үйренген болатын. Сонымен қатар семинарда СЖБ туралы ғылыми-теориялық түсінік беріліп, практикалық жұмыстар жасалды. Өткізілген семинар туралы қатысушылар өздерінің кері байланыстарында ұйымдастырудың жоғары кәсіби деңгейін, өте күрделі және жаңа материалды баяндаудың ақпараттылығы мен қолжетімділігін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, жас ұрпақтың бойында тарихи сананы қалыптастыру мақсатында биыл «Менің өмірімде қолданатын мақал-мәтелдер» және «Ұлы дала ақындары» жобасы жүзеге асырылды. Жобалардың жоспары 2019-2020 оқу жылының тәрбие жұмысында ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жобалардың әдістемелік ұсыныстарына сай құрылды. Оқу жылы барысында алғаш рет жүзеге асырылып отырған бұл жобалардың жүргізілу барысында біршама қиындықтар кездесті, мысалы, ақын өлеңдерінің мазмұнының тереңдігі, оқушылардың ақын өлеңдерін оқып талдауға құлық танытпауы. Мұндай мәселелерді шешу үшін ақын өлеңдерін жас ерекшеліктеріне сай іріктеу үшін үлкен жұмыс жасалса, оқушылардың ақын өлеңіне деген қызығушылығын артыру мақсатында суретпен бейнелеу, талдау түсіндіру жұмыстары атқарылды. Ал бұл ауқымды жобаның оқушылар үшін өте пайдалы тұстары өте көп екендігі белгілі. Қазақтың ұлттық құндылықтарын, туған жердің қасиетін жырға арқау еткен ақынның өлеңдерінің мазмұны арқылы рухани тәрбие алса, өлеңдерді мәнерлеп, оқу, өлең мазмұнын қылқалам арқылы бейнелеу дағдылары дамыды. Қиындықтарды шешу барсында мол тәжірибе жинақталды. Ең бастысы, қазақтың бірегей ақыны Қадыр Мырза Әлінің еңбектерімен оқушылар етене танысып, өлең сырына қаныға түсті

Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ мұғалімдері әріптестермен тығыз қарым-қатынас жасап, тәжірибе алуда әрі өз тәжірибесімен бөлісуде. Мысалы, Н.А. Нурмагамбетова 10-сыныпқа арналған СЖБ-дың емтихан материалдарын құрастыру, Назарбаев Зияткерлік мектептеріне 7-сыныпқа оқушыларды конкурстық іріктеу жобасына тест дайындау барысында Кембридж орталығындағы, CITO Нидерланды орталығындағы шетелдік әріптестерден тәжірибе жинақтаса, өз білімін СЖБ, конкурстық іріктеу тапсырмасын құрастыру барысында қолдануда. Сонымен қатар 10-сыныпқа арналған СЖБ-дың емтихан материалдарына сараптама жасау семинары, жалпы білім беретін мектептердің 9, 10-сыныптары үшін жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар мен спецификацияларды сараптау семинарында зияткерлік мекпептердегі басқа әріптестермен кәсіби байланыс орнап, ынтымақтастық орнауда.

«Action Research» жобасы бойынша мұғалімдер әртүрлі тақырыптарда зерттеу жұмысын жүргізіп отырды.

Әріптестермен серіктестікті нығайту мақсатында ӘБ мұғалімдері тарих, өнер, география, дене шынықтыру, т.б. пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, «Салт-дәстүрлер мен мерекелер», «Отбасында ұстанатын салт-дәстүрлер», «Әдебиет пен өнер», «Бүгінгі таңда қазақтың қолөнер бұйымдары қаншалықты сұранысқа ие?» тақырыптарында кіріктірілген сабақтар өтті. Сабақтарға қатысқан мұғалімдер тарапынан кері байланыс жасалып, сабақтар мақсатқа жетті деген бағасын алды.

Оқушылармен өткізуге жоспарланған жұмыстарға тоқталар болсақ, дарынды оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен мектепішілік олимпиаданың қорытындысына сәйкес 3 оқушы желілік олимпиадаға қатысып, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалдарының оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен желілік олимпиада 11 «D» сынып оқушысы Асанбаев Давлат І орынға, 11 “С”сынып оқушысы Батырша Сымбат ІІ орынға, 10 “Д” сынып оқушысы Пернебай Назерке ІІІ орынға ие болды.

11 «Е» сынып оқушысы Қасымбекова Мерей «Болашақ сенің қолыңда:ойлап тап та жамаспаз бол» оқушылар арасындағы үздің эссе байқауына жүлделі орынға ие болды. 8 «А» сынып оқушысы Сейдрахым Аружан, 11 «А» сынып оқушысы Сейітқасым Сымбат, 8 «D» сынып оқушысы Тілеп Аяулым және Аралбай Нұрсейіт, 9 «В» сынып оқушысы Баратбек Нұрзат А.Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «KEMEL» өнер-білім орталығы ұйымдастыруымен өткізілген «Абай – дара, Абай – дана әлемде» атты республикалық мәнерлеп оқу сайысына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 8 «А» Есімбек Ақтоты, 8 «D» Оспан Әйгерім «Дарабоз» оқу орталығының ұйымдастыруымен 4 қыркүйек-19 қыркүйек аралығында өткен Республикалық «Суреттер сөйлейді» конкурсына қатысып, марапатталды.

7 «А» сынып оқушылары Ергазы Жания, Әмірбай Аруна, Дүйсебай Нурмахамбет, Сейітжапбар Сабина, 9 «В» сынып оқушысы Нұрлан Тоғжан «Отаным саған айтамын!» атты Республикалық қашықтықтан өткізілген интернет-байқауында жүлделі орындарға ие болды. 8 “В” сынып оқушылары Музаббарханова Малика, Қырықбай Сымбат Досмағамбетова Амира, Өмірзақ Әліби 7 “Д” сынып оқушылары Асқаров Нодиржан, Мұрат Нұрқадиша, Еркебай Құдайберген «Ұлы дала ақындары» жобасы аясында өткізілген «Қадыр Мырза Әлі өлеңдеріндегі ұлттық құндылықтар көрінісі» тақырыбындағы эссе байқауында жүлделі орындарға ие болды.



«Дарын» РҒПО ұйымдастырған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық онлайн олимпиадасына 10 -сынып оқушылары Құралбаева Асылжан, Иса Әміржан, Байменова Дария, Батырбекова Дана, Нұршарып Дания, Абдулла Әділет, Абдулла Сымбат, Андамасұлы Нұрдәулет, Төленді Әлмен, Адилбай Ұлпан,, Ерболат Ерсұлтан, Бегматов Елдос, Абибуллаева Асыл, Құдайбергенова Әсел, Аккузов Арман жүлделі орындарға ие болды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет