«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы үшін «Әдебиет теориясы» пәні бойынша студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені


Тәжірибелік сабаќтардың мазмұны_________________________36-б 4



бет2/60
Дата07.02.2022
өлшемі377 Kb.
#97446
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
« аза тілі мен дебиеті» маманды ы шін « дебиет теориясы» п ні

3. Тәжірибелік сабаќтардың мазмұны_________________________36-б
4. Студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын өздік жұмыстарының тақырыптары_______________________________ 47-б
5. Студенттерге өздігінен оќуға берілетін таќырыптар__________48-б
6. Әдістемелік нұсқаулық___________________________________50-б
7.Қолданылатын әдебиеттер_________________________________52-б

ГЛОСАРИИ
АЗАМАТТЫҚ ЛИРИКА – лирикалық поэзияның заман жайын, әлеуметтік мәселелерді қозғайтын үлкен бір саласы.Өмір жөнінде, халықтың тағдыры туралы ой-толғамдар ақынның өз көңіл күйімен терең ұштасып, өзінің өмірге қатынасын суреттеу арқылы көрінеді. Адамның белгілі бір дәуірге байланысты ой-арманын, мақсатын жырлайды, жалпы әлеуметтік мәселелерді толғайды.


АҚ ӨЛЕҢ (ағылшын. Blank verse – ақ өлең) – силлабикалық және силлабо-тоникалық өлең жүйесіндегі ұйқассыз Эуропа халықтарының поэтикалық жадында «ақ» сөзінің «белгісіз, аяқталмаған, толықтырылмаған» деген ұғымдардың семантикалық эквиваленті ретінде қолданылуына байланысты. (Бұл ретте қазақ тіліне калькалау арқылы енген «ақ таңдақ» тіркесін еске алыңыз). Яғни тармақтардың соңындағы сөздердің дыбыстық тұрғыда үйлеспеуі, қабыспауы (ұйқастың белгісіз қалыпта, «ақ» күйінде қалуы) бұл өлең үлгісін «ақ өлең» атауға себеп болған.


АЛЛИТЕРАЦИЯ (латын. Аd-littera – дыбыстас) – шығармаларда бірыңғай дыбыстардың үндестігі, дәлірек айтқанда дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Бүкіл әлем поэзиясында ертеден қалыптасып келе жатқан стилистикалық айшық (фигура).Әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл.


АМФИБРАХИЙ (грекше amphi – айнала,brachys – қысқа) – Көне дүние поэзиясында туып-қалыптасқан өлшем; орыс поэзиясында силлабо-тоникалық өлең жұйесіне тән ұшбуынды ырғақтық өрнек: бірінші буын мен үшінші буын екпінсіз, ортаңғы буын екпінді болып келеді. Өлең тармағында осы өрнек бірнеше рет қайталанады.


АНАГРАММА (грекше апа – қайта, gramma - әріп ) – Атау сөз ішіндегі әріп орнын алмастыру арқылы бүркеншік ат жасау. Мәселен, орыс жазушысы Харитон Макентиннің Антиох Кантемир деген псевдонимі болған. Сол сияқты қазақ ақындары Мұзафар Әлімбаевтің – «Мәлім», Әлімқұлов Нұрсұлтанның – «Ән», Мырзалиев Қадырдың «Мырза Әли» деген лақап аттары бар.


АНЕПЕСТ (грекше anapasitos – соңы сәулелі) – Көне дүние метрикасында қалыптасқан, орыс поэзиясында силлабо- тоникалық өлең жүйесінде қолданылатын өлшемнің бірі, үшбуынды ырғақтық өрнек. Екі екпінсіз буыннан соң үшінші буын екпінді болып келеді. (- ).Өлең тармағында осы өрнек бірнеше рет қайталанады.


АЛОГИЗМ (грекше а – жоққа шығару жұрнағы, (logismos – ақыл ) – біріне бірі логикалық қисыны жағынан кереғар, қарама- қайшы ұғымдарды әдейі жақындатып, жалғастыру арқылы ойды айрықша әсерлі етіп жеткізетін стильдік тәсіл.
ӘДЕБИ ҚАҺАРМАН - әдебиеттің идеялық-эстетикалық роліне сай бейнеленетін тұлға. Ол қатардағы кейіпкерлерге, персонаждарға қарағанда бас кейіпкер, жан-жақты сомдалған толыққанды образ саналады, эпостық және әдеби эпикалық шығармаларда негізгі қаһарман ретінде жағымды түрде бейнеленеді.


ӘДЕБИ ПРОЦЕСС – бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи – заңды қозғалысы.


ӘДЕБИ СЫН – көркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың идеялық-көркемдік мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы. Сын - әдебиеттің тарихымен және теориясымен тығыз байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет