«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасының негізгі міндеттері



бет1/5
Дата03.10.2023
өлшемі59,43 Kb.
#183579
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
7 класс Т2 КТП каз.яз лит 2023-2024 түсінік хат
1 қыркүйек - БІЛІМ КҮНІ

Түсінік хат
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту мақсаты:негізгі орта білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» бағдарламасының мақсаты – оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасының негізгі міндеттері:
1) шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру;
2) білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған тұлға қалыптастыру;
3) туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу;
4) оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;
5) оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;
6) оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт-дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
9-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат;
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқу мазмұны 5 бөлімге бөлінеді. Бөлімдерді бөлімшелер құрайды, олар сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқыту мақсаттарынан тұрады.
Оқыту мақсаттары арқылы мұғалімдер сөйлеу қызметінің төрт дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалыптастырады, сонымен қатар, оқушылардың жетістігін бағалайды және оқытудың келесі кезеңі туралы ақпарат береді.
Оқыту пәнінің мазмұнын 5 бөлім құрайды:
1) тыңдалым;2) айтылым;3) оқылым;4) жазылым;5) тілдік бағдар.
Айтылым дағдысын дамыту үшін білім алушылардың бір-бірімен сенімді қарым-қатынас жасауына арналған тілдік ресурстарды айдалануға мүмкіндік беретін әртүрлі ынталандырушы тапсырмаларды ұсыну қажет. Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде: жазбаша немесе ауызша мәтінмен жұмыс жасау кезінде (мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру), сондай-ақ грамматикалық немесе лексикалық
материалды ауызша қолдану кезінде мақсатты сөйлеу тілін қолдануды жоспарлауға болады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет