«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін кіріктіріп оқу арқылы оқушылар



бет1/13
Дата02.12.2023
өлшемі291 Kb.
#194607
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Түсінік хат 10-11 классы


Түсінік хат

«Қазақ тілі мен әдебиеті» Оқыту орыс тіліндегі мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша іске асырылады. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген 5-10 сыныптарға арналған Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (10-11сынып үшін 19.05.15 №205; 17.08.2020.№350 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);


ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары ( 27.07.17ж. №352 бұйрығымен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен), (10-11 сыныптар үшін 2019ж. 07.03. № 105; 21.04.2020 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген),
«2020-2021 оқу жылында ҚР Жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» ҚР БҒМ әдістемелік нұсқау хаты.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін кіріктіріп оқу арқылы оқушылар:
- сөздік қоры мен тілдік сауаттылығын дамытады;
- тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметін түсінеді;
- ойлау және танымдық қабілеттерін дамытады;
- коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді және өзгелермен еркін қарым-қатынас жасауды үйренеді;
- қазақ халқы мен мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастырады, қызығушылығын арттырады.
10-11-сыныптарда оқу процесі жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен (оқыту орыс тілінде) жүзеге асырылады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» бағдарламасының мақсаты – оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша қамтылатын шығармалар, сағат саны, оқу мақсаттары нақты көрсетілген.
1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 10-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат.

  2. 11-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағатты құрайды.




  1. Орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқушылардың білім, білік және дағдыға қойылатын талаптары «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» деңгейлерін (B2) негізге ала отырып, айқындалған.

  2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқу мазмұны 5 бөлімге бөлінеді. Бөлімдерді бөлімшелер құрайды, олар сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқыту мақсаттарынан тұрады.

  3. Оқыту мақсаттары арқылы мұғалімдер сөйлеу қызметінің төрт дағдысын(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалыптастырады, сонымен қатар, оқушылардың жетістігін бағалайды және оқытудың келесі кезеңі туралы ақпарат береді.

  4. Оқыту пәнінің мазмұнын 5 бөлім құрайды:

1) тыңдалым;
2) айтылым;
3) оқылым;
4) жазылым;
5) тілдік бағдар.
6.«Тыңдалым»бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) болжау;
2) назарын шоғырландырып тыңдау;
3) сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну;
4) көркем шығармаларды тыңдау;
5) негізгі ойды анықтау;
6) тыңдалым материалдары бойынша жауап беру.
7. «Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) мәтіндегі ақпаратты анықтау;
2) стильдік ерекшеліктерді анықтау;
3) көркем шығармаларды оқу;
4) мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау;
5) қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу;
6) өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау.
8. «Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру;
2) эссе жазу;
3) көркемдегіш құралдарды қолданып жазу;
4) мәліметтерді жинақтау;
5) орфография және пунктуация.
9. «Айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) сөздік қорының алуандығы;
2) сөз мәнері мен сөйлеу этикеті;
3) орфоэпиялық нормаларды сақтау;
4) мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау;
5) сенімді және еркін жауап беру;
6) визуалды материалдар арқылы тілді дамыту.
10. «Тілдік бағдар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) сөз таптары;
2) сөйлем.
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет