ХХ ғасыр әдебиеті бойынша викториналық сұрақтар 1. Мысал туралы айтып бер.
2. Кімдер және нелер мысал қаһармандары бола алады?
3. Аллегория деп нені айтады?
4. «Аққу, шортан, һәм шаян» мысалының түйінді ойы (мораль) неде?
5. Ж. Жамбаев кімді «пірім» деп атаған?
6. Ақын неше жас жасаған?
7. Ж. Жабаевтың «Алатау» өлеңінде тау бөктерінде қандай өсімдіктер өсіп, жануарлар мекендейді?
8. С. Сейфуллин кім? Оның қандай шығармаларын білесің?
9. С. Сейфуллин өз өлеңінде даланы немен теңейді?
10. І. Жансүгіровтың қандай поэмаларын білесіңдер?
11. І. Жансүгіровтың өлеңінде «Жомарт тау», «Шипа тау» деп қандай тау туралы айтады?
12. С. Бегалин қай жерде туған?
13. «Бала Шоқан» повесінен Шоқанның қасиеттерін аңғарамыз?
14. М. Әуезов туралы айтып бер.
15. Біздің қаламызда ұлы жазушыға арналған қандай көрікті жерлер бар?
16. «Әжемнің әңгімесі» деген үзіндіде кімнің балалық шағы туралы айтылады?
17. Абай кішкене кезінде қандай бала болды?
18. Б. Шолақ кім? Оның шын аты қалай?
19. «Каронмен күрес» әңгемісінде Балуан Шолақ қай жерде кіммен күреске шықты?
20. Ғ.Мұстафин әңгімесінде қадірлі қонақ деп кімді айтады?
21. «Менің Республикам» өлеңінде қазақ даласы қалай суреттеледі?