Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аққалиева Гүлзинат Ерболатқызы



бет1/19
Дата06.02.2022
өлшемі56,72 Kb.
#48397
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19



1 В.И.Ленин атындағы орта мектеп








Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Аққалиева Гүлзинат Ерболатқызы

Атырау қаласы



Кіріспе 

«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың басты мақсаты – пән стандартында атап көрсетілгендей қазақ әдебиетінің үздік туындыларымен қазақ тілінде таныстыру арқылы қазақ әдебиеті туралы ұғым қалыптастырып, түсініктерін байыту, көркем әдеби мәтіндерді оқыту негізінде қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ әдебиетін оқып, түсіне алуын қамтамасыз ететін тілдік негіз қалыптастыру болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, қазақ әдебиетінің шығармалары мен кейіпкерлері ортаға түсінікті де жақын болуы тиіс. 


Қазақ тілінде жүретін мектептердің 6-сыныбына арналған «Әдебиет» пәні жекелеген көркем шығармалардың үзінді түрінде алынған мәтінін оқыту арқылы тілдік ортаны кеңейтуді көздейді. 
Ұсынылып отырған жұмыс дәптері оқушылардың пән бойынша дайындық деңгейлерін жетілдіру және анықтау мақсатында құрастырылған. Оқушыларға оқулықта берілген тапсырмалардың түрлендірген түрі берілген. 
Жұмыс дәптерінде іріктеліп алынған тапсырмалар оқулық жүйесіне негізделеді және оқушылардың өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасауын ұйымдастыруға көмектеседі. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет