«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде емес) жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар



бет12/20
Дата26.10.2023
өлшемі108,76 Kb.
#188329
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде емес) жиы-www.emirsaba.org
Қайсанова Жанель практика 44 дұрыс, Жанель А2 — копия
1-оқушы 
1990 жылдардағы демократия, теңдік, адам құқығы мәселесі Қазақстанға сырттан
келіп таңылды. «Біз де жұрттан қалмайық» деген үрдіспен өзімізде мұндай проблема
болмаса да, бар сияқты көтере бастадық. Сөйтіп, керек десеңіз ол мәселе жоғары деңгейде
де қозғала бастады. Қазіргі күні осы тақырыпқа орай арнайы жобалар жасалып, қаражат
бөлінетін болды. Шындығында, бұл негізінен Батыс елдерінің өзекті мәселесі. Мысалы,
кезінде Америка мектептерінде директор болып қызмет ететін ер адам мен әйел адамның
жалақысы екі түрлі болатын. Қазір енді ғана теңестіріліп келеді. Өйткені оларда барлығы
бірдей тарифпен есептелмейді. Өздерінің қамқоршылық кеңестері бар. Сондықтан жалақы
да әртүрлі болуы заңды. Ер мен әйелдің тең құқылығы осы тұста туындайды. Неліктен?
«Екеуміздің жұмысымыз бірдей, екеуміз де мектеп директорымыз, неге ерлер көп алады,
неге біз аз аламыз?» Міне, бұл жерде әйел адамды кемсітушілік бар. Еңбекке ақы төлеудің
теңдігі сақталмай отыр деген сөз. Ал бізде бұл мәселе жоқ. Әйел адам болсын, ер адам
болсын, директордың жалақысы бірдей. Бұл – бір ғана мысал. Соған байланысты Батыс
елдерінде ер мен әйелді жасанды түрде теңестіру мәселесі басталды. Мысалы, Скандинавия
елдерінде парламент депутаттарының 50 пайызы әйел, 50 пайызы ер адам болуы міндетті
деген сияқты арнайы заңдар қабылданған. Баяғы Кеңес үкіметі кезінде депутаттардың 30
пайызы еңбекшілерден, 20 пайызы шаруалардан, 10 пайызы интеллигенциядан болуы керек
деген сияқты ережелер болды.

2-оқушы 
Біз әйелдердің түрлі кемсітушіліктерге, зорлық-зомбылыққа ұшырайтындығы туралы
көбірек айтамыз. Ал отбасындағы ер адамдардың жағдайы туралы мүлде ұмыттық. Гендер
осыны да айтуы керек. Мысалы, ер адам отбасында көп жағдайда әйелдер тарапынан
психологиялық қысымға ұшырайды. Өйткені ер адамға отбасын асырау міндеті жүктелген.
Егер олар тең болса, әйел адамға да ол міндет жартылай жүктелсін деген мәселе қойылуы
керек еді ғой. Немесе әскер қатарына ер адамдар шақырылады. Ауыр жұмыста көбіне өлім-
жітімге душар болатын да солар. Ер адамдар, негізінде, психологиялық жағынан әлсіз
болып келеді. Сондықтан ерлердің де мүддесін қорғау маңызды.
Біз қазір тең құқылық дегенді де шатастырып жүрміз. «Тең» басқа, «бірдей» басқа.



22
Әйел мен ер адам ешқашан бірдей бола алмайды. Қай жағынан алып қарасаңыз да.


Биологиялық, физиологиялық жағынан айырмашылық бар. Психикалық жағынан да бірдей
емес. Әлеуметтік рөлдері де бөлек. Тіпті, ақыл-ой деңгейі, сана, ойлау жүйесінде де
айырмашылық бар. Мысалы, ерлер абстрактілі ойлайды. Ал әйелдер абстрактілі ойлауға
бейім емес. Оған дәлел, философия тарихында бір де бір атақты әйел философ жоқ. Табиғи
болмысы сондай.



23



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет