«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде емес) жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар


«Қоғам және заң» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет22/23
Дата05.05.2020
өлшемі0,97 Mb.
#65754
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
osh sor kazahskiy-jazyk-i-literatura 10-klass kaz

«Қоғам және заң» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.3.6.1 мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық




анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны




бағалау













10.4.3.1

шығармашылық

жазба

жұмыстарында




көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді




қолданып жазу







Бағалау критерийі

Білім алушы













  • Мәтінге қатысты деректі ақпаратты анықтайды, өз пікірін білдіреді, баға береді




  • Көркемдегіш құралдар мен айшықтауды қолданып, шығармашылық жазба жұмысын орындайды


Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі

Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


Жаза — бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Жаза — соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды қылмыстық заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады. Жазаның белгілері:


  • жаза — бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы;




  • жаза жеке сипатта болады. Ол тек қылмыскерге ғана қолданылады және ешқандай жағдайда да басқа адамдарға жүктелмейді (мысалы, кәмелеттік жасқа толған қылмыскердің ата-анасына);




  • жаза әрқашан қылмыс жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге байланысты оған белгілі бір моральдық қасірет әкеледі және белгілі бір құндылықтардан айырады.

XV-XVII ғасырларда қазақтың әдет-ғұрып заңында жазалардың мынадай түрлері болған:


а) рудан қуып жіберу;

ә) кінәліні жәбірленушінің туыстарына беру;


б) адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар мүліктік қылмыстар үшін айыппұл тағайындау;
в) денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені үшін құн тағайындау; г) өлім жазасы — жазаның бұл түрі өте сирек қолданылды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі кәмелеттік жасқа толмағандарға тағайындалатын жазаның жүйесі мен тізімін бекітеді. Оларға: айыппұл, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, қамау, бас бостандығынан айыру жатқызылады.
Айыппұл салған кезде, адам ақшалай төлемге байланысты белгілі бір материалдық шығынға ұшырайды.
Түзеу жұмыстары — бұл сотталған адамды табысының белгілі бір бөлігін мемлекет пайдасына ұстап қалу арқылы еңбекке тарту.
Қамау — бұл сотталған адамды қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады, олар жазаны абақтыда өтейді. Қамау бір айдан алты айға дейінгі мерзімге

35


белгіленеді.
Бас бостандығынан айыру — сотталушыны колония — қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.


  1. Мәтін мазмұнындағы негізгі ойға қатысты деректі ақпараттар негізінде кесте-сызба әзірлеңіз.




  1. Еліміздегі жаза түрлері қылмыстың азаюына қаншалықты ықпал етеді деп ойлайсыз? Ойыңызды 2-3 сөйлеммен беріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет