Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында деңгейлік
тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың
функционалдық сауаттылыгын көтеру
Бүгінгі таңдағы басты мәселелердің бірі басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту- баршамыздың басты парызымыз. Осындай күрделі міндетті ойдағыдай орындау үшін мұғалімге бұрыңғыдан да зор талаптар қойылады.
Оқытудың жаңа технологиясының бірі-педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі іліміне сүйене оқыту болып табылады. Нәтижеге жету үшін оқушылардың білімі мен деңгейіне байланысты тапсырмалар құрастыру қажет. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру үшін ойлай білетін, өз ойын қазақ тілінде жеткізе алатын, сауатты, еліне еңбек ете білетін, қабілетті жастар керек. Оқушының ойлау және сөйлеу тілін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмалар беру ұсынылады. Сол арқылы оқушының деңгейі анықталып, білімін тереңдетіп, белсенділігін күшейтеді. Деңгейлік тапсырмаларды дайындап, оқушылармен жұмыс жүргізудегі негізгі мақсат: баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының қабілеті, ақылы, біліктілігі, сөздік қоры жетіледі. Әр деңгейлік тапсырманы орындаған сайын оқушы жақсы орындауға талпынады. Мұғалім де, оқушы да шығармашылықпен жұмыс жасайды, сондықтан да оқушыларды өз бетімен жұмыс істеп, білімін тереңдетуі үшін оларды іздендіру керек.
Бірінші деңгейлік тапсырма оқушының есінде қалуға ыңғайлы, өмірмен байланысты болуы керек.
Екінші деңгейлік тапсырма түрленіп, күрделене түседі. Мазмұны өткен тақырыпқа байланысты түрленген, ойлауды қажет ететін, оқушы өз бетімен жұмыс жасауға лайықты тапсырмалар.
Үшінші деңгейдегі тапсырмалар орындау арқылы оқушы өзі тұжырым жасайды. Мұғалім нұсқаушы, бағыт беруші, кеңесуші ретінде болады. Оқушының өзі сөздіктерді пайдаланып, мәтіндерді аударады. Берілген мәтіндерге сұрақ ойлап жазады. Өзіне керек материалдарды іздеп, тауып оқиды.
Төртінші деңгейлік тапсырма дарынды, қабілеті жоғары балаға арналады, тақырып бероіп, ізденуге өзі мақсат қояды. Мұғалімнің көмегісіз барлығын өзі орындай біледі.
Деңгейлік тапсырмалар үлгісі. 9 сынып. «Жыл мезгілдері»
І деңгей.
1. «Көктем табиғаты» тақырыбындағы сөйлемдерді құрмалас сөйлемдермен толықтырыңыз.
2. «Көктем» тақырыбына шағын әңгіме құраңыз.
ІІ деңгей.
1. Мәтінге бір ортақ жоспар құрып, мазмұнын айтып беріңіз.
2. Мәтіннен 2 салалас құрмалас сөйлем, 2 сабақтас құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.
3. Мәтін бойынша диалог дайындаңыз.
ІІІ деңгей.
«Көктемгі еңбек» тақырыбындағы құрмалас сөйлемнің түрлерін қолданып, шағын шығарма жазыңдар.
Көктем мезгілі бәріне бірдей ұнай бермейді. Біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды. Неге? Өз пікірлеріңізді дәлелдеп жазыңыздар.
Осы сияқты деңгейлік тапсырмаларды жүйелі қолдану оқушылардың білім сапасын арттыруға, шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал етеді.
ІҮ деңгей.
Қосымша әдебиет бойынша Абылай хан туралы мәліметтер жинақтап, реферат жазыңыз. Бұл тапсырманы орындауға оқушылар өз ізденісі арқылы жетеді. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушы өзі ізденіп, нақты нәтижеге жетеді. Мұғалім кім қалай меңгергенін бақылайды.
Орыс мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда тағы бір ең қолайлы жолдарының бірі- тірек сызбаларын пайдалану.
Тірек сызбасын сабақта кеңінен пайдалану-мұғалімнің жан-жақты дайындалуына, уақытты ұтымды өткізуіне әсер етеді.
Уақыт талабы мұғалімнен сабақты қызықты, тартымды өткізе білуді көп шығармашылық ізденісті, білімділікті, тапқырлықты қажет етеді. Оқушылардың белсенділігін, жеке дара жұмыстануын ынталандыру, жеке көзқарастарының қалыптасуын, дамуын, оқу еңбегінің нәтижесі тиімді болуын талап етеді.
Сондықтан ортақ іс-ірекетті ұйымдастыруда негізгі мақсат әрбір жеке оқушының дамуына, таным ерекшілігі мен іс-әрекетінің дұрыс ұйымдастырылуына үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнінің көздейтін мақсаты-қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға түсіндіре алатын дәрежеге жеткізу.
Сондықтан қазақ тілі сабағында оқытушыдан қалайда оқушыны сөйлетуге, сөйлеу тілін дамытуға жағдай туғызу керек.
Тіл үйрену, тіл ұстарту адамның ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Ойлау қабілетін дамытудың негізгі әдістерінің бірі жаттығу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Жаттығулар екі топқа бөлінеді:
Тілдік жаттығулар;
Сөйлеу жаттығулары;
Сөйлеу жаттығуларына сөйлем және сөз тіркестерін құрастыру, мәтіннің мазмұнын айту, сұхбат құрастыру жатады.
Тірек сызбалар оқушылардың сөйлеу тілін арттыру мақсатында пайдаланатын тәсілдің бірі. Сонымен қатар тірек сызба жаңа тақырыпты жеңіл түсінуге, есте сақтап қалуға көмектеседі. Негізінде орташа оқитын оқушыларға өте қолайлы деп есептеймін: себебі олар тірек сызбалар арқылы сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып жеткізуге үйренеді, сабаққа қызығады, еңбектенуге талпынады.
Қазақ әдебиеті сабақтарында келесі тірек схеманың үлгілерін ұсынамын. 9 сынып.
Тірек сызбалардың түрлері
Қасым Аманжолов
(1911-1955)
Шәкәрім
Құдайбердіұлы
|
Ол кім ?
|
Туған
жері
|
Әдебиетке
қосқан үлесі
|
Кімнің туысы?
|
Қай поэманың
авторы ?
|
Философиялық шығармалары
|
|
|
|
|
|
|
|
Шығармалардағы кейіпкерлер бейнесі
Шығарманың аты
|
Тараулар
|
Басты оқиғалар
|
Кейіпкердің іс-әрекеті
|
|
|
|
|
Қазақ әдебиеті сабақтарында тірек сызбалардан басқа белгілі жазушылардың жалпы өмірбаянымен танысқаннан кейін жоғарыда көрсетілген семантикалық талдауды орындатуға болады. Белгілі бір шығармамен танысқаннан кейін сол шығарма бойынша кестені толтыртуға болады. Осындай жұмыстар өте ыңғайлы деп есептеймін. Осы технологияны қолдану негізінде әрбір бала бойындағы дара қабілет анықталады, әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде болады деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қараев Ж.. Деңгейлік оқыту технологиясы.
2. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде №5, №6 2010ж.
3. Қадашева К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –А: Мұрагер, 2005. 168 б.
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім болімінің №16 орта мектебі»ММ
Баяндама
Такырыбы: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында деңгейлік
тапсырмалар орындау арқылы оқушылардын
функционалдық сауаттылыгын көтеру
Оқыған: казак тілі мен әдебиет мұғалімиі
Мұханова С.Қ
2016-2017 оку жылы
Достарыңызбен бөлісу: |