Оқылым Төменде берілген мәтінді оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыргүйекте Қостанай облысы «Сартүбек» деген жерде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошаұлы ел арасында беделді, қайратты кісі болған. Табиғатынан аса дарынды туған бала Ахмет 1882-1884 жылдары өз бетінше хат танып, кейін ауыл мектебінде сауат ашады. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды.
1895-1909 жылдары бала оқытады. 1905 жылдан саясатқа араласты. Ол жер мәселесі жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907, 1909 жылдары абақтыға айдалады. 1910 жылы Орынбор қаласына жер аударылады.
1909 жылы «Қырық мысал» жинағын шығарады. «Маса» жинағы А. Байтұрсынұлының ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді.
1913 жылдан 1918 жылға дейін М. Дулатовпен бірге «Қазақ» газетін шығарады. Саяси мақалалары үшін
А. Байтұрсынұлы бірнеше рет түрмеге жабылады. Патша тақтан түскен соң Ахмет қазақ зиялыларымен бірігіп, «Алаш» партиясын құрады. Ғалым ІІ жалпы қазақ съезінде Оқу-ағарту комиссиясын басқарады.
Ахмет Байтұрсынұлы 1929-1937 жылдары репрессияға ілігіп, 1938 жылы жазықсыз атылды.
Ахмет Байтұрсынов қай жылы дүниеге келген?
а) 1882 жылы
в) 1872 жылы
с) 1884 жылы
д) 1895 жылы
е) 1891 жылы
А.Байтұрсынов оқыған оқу орындарын көрсетіңіз.
а) екі сыныпты мектеп
в) мұғалімдер даярлайтын мектеп
с) үш сыныпты мектеп, мұғалімдер даярлайтын мектеп
д) ауыл мектебінде
е) ауыл мектебінде,екі сыныпты мектеп,мұғалімдер даярлайтын мектеп
А.Байтұрсыновтың жинағын белгілеңіз.