«Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша жалпы білім беретін мектептер үшін бастапқы бақылау кескіні 10-сынып Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой «Құлпытасқа адамның, малдың суретін бейнелеуге тыйым »


Оқылым. 1. Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орындаңыз



бет3/6
Дата06.10.2022
өлшемі31,66 Kb.
#152004
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
10-сынып Т2 орта мектептер үшін

Оқылым.
1. Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орындаңыз.

Ертеде адамдар ауыр жүкті арқалап, жаяу тасыған. Кейін көлік ретінде үй жануарларын пайдаланған. Қазақ халқы ат, түйені көлік етіп мінсе, бірқатар шығыс халықтары есек, бұқаларды, үндістер пілді көлік қылған. Солтүстік аймақтарда иттерді шанаға жегіп, көлік ретінде пайдаланады. Бірте-бірте адамдар күймені, ат-арбаны ойлап тапқан. Күймемен баратын жерлеріне жеткен. Ат-арбамен шөп, ауыр жүк тасыған.
Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы төмендеді. Бүгінде көліктің түрі көп. Оларды суда жүзетін, жерде жүретін, әуеде ұшатын және жерасты көліктері ретінде бірнеше топқа бөлуге болады. Барлық көлікте қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Ол сені түрлі апаттардан сақтайды.
Қайық – көліктің ең ескі түрі. Алғашқы қайықтар ағаштан жасалып, айналмалы ескектің көмегімен жүретін. Ежелгі мысырлықтар шамамен 5000 жыл бұрын өзенде, теңізде жүзу үшін алғаш рет желкенді пайдаланды.
Бүгінде кемелер сауда-саттық, құрылыс үшін, әскери мақсатта адам мен тауар, т.б. тасымалдауда падаланылады. Су көліктері айлақтар мен теңіз порттарын тұрақ ретінде қажеттеріне жаратады. Кемелерге арналып белгіленген теңіз бағыттары болады. Олар айлақтарға да белгілі кесте бойынша келеді. Қазіргі кезде зымырандай тез жүретін кеме көп. Жолаушылар мұндай кемелермен саяхаттауды ұнатады.



  1. Ертеде адамдар көлік ретінде нені пайдаланған?

А) үй жануарларын
B) жабайы аңдарды
C) құстарды
D) ұшақтарды
E) жеңіл көлікті

  1. Ежелгі мысырлықтар теңізде жүзу үшін алғаш рет желкенді қашан пайдаланған?

A) 500 жыл бұрын
B) 2000 жыл бұрын
C) 3000 жыл бұрын
D) 4000 жыл бұрын
E) 5000 жыл бұрын

  1. Көліктің ең ескі түрін ата?

А) ат
B) түйе
C) қайық
D) ұшақ
E) піл

  1. Үндістер нені көлік еткен?

А) ат
B) түйе
C) бұқа
D) піл
E) қайық

  1. Жолаушылар немен саяхаттауды ұнатады?

А) қайықпен
B) кемемен
C) ұшақпен
D) түйемен
E) есекпен


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет