Қазақ тілі мен әдебиеті



Дата21.06.2023
өлшемі17,35 Kb.
#179067
Байланысты:
глоссарий


Залипова Жасмин Нуркеновна ҚТӘ-31 тобының студенті (“Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы)
ГЛОССАРИЙ
1.Әдіс – құбылыстарды танып білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері.
2.Әрекет – іс-қимыл, құрал. Оқу әрекеті арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, теориялық сана, теориялық ойлау қалыптасады.
3.Бейін алды даярлық – білім алушылардың жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау.
4.Бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау мен даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру.
5.Білімдену – оқу барысында шәкірт игерген білім, ептілік, дағды және ойлау тәсілдері жүйесі.
6.Білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.
7.Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
8.Дедукция – ойлаудың бүтіннен бөлшекке, жалпыдан жалқыға көшу жолы.
9.Дидактика – педагогикалық ғылымның оқыту әдістерін баяндайтын бөлімі.
10.Дүниетану – дүниенің даму заңдылығын білу қабілеті, жалпы ой-өріс.
11.Индукция – жалқыдан жалпыға, белгіліден белгісізге қарай ой қорыту тәсілі.
12.Индивид – жеке адам, тек өкілі.
13.Инновация – білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс -тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды жасау және оларды қолдану.
14.Интерактивтік – интеракция деген ұғымнан шығады. Ал интеракция жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетке бір-біріне алма-кезек өтуі.
15.Институционалдық аккредиттеу – білім беру ұйымының білім беру
16.Кешенді тестілеу – ақпараттық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны.
17.Кредиттік оқыту технологиясы – білім алушылардың және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту.
18.Концепция (тұжырымдама)– қайсыбір құбылысты түсінудің, түсіндірудің тәсілі, оның мәнін ашу үшін қолданылатын басты идеялар, жетекші ойлар.
19.Қашықтықтан білім беру технологиясы – білім алушылардың және педагог қызметкердің жанама алыстан немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.
20. Қалыптасу – барша жағдаят (экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық және т.б.) ықпалдары негізінде адамның әлеуметтік өмір өкілі ретінде бой тіктеуі.
21.Метод – бір нәрсені теориялық зерттеудің немесе соны практика жүзінде іске асырудың жолы. Метод грек. «зерттеу жолы» деген мағынаны береді.
22. Модуль – сызба-жоспар, кесте түрлерінде баяндау үшін құрылған шартты бейне.
23.Модель – үлгі (эталон, стандарт).
24.Мотив – ынта-ықыластың аууы.
25.Мониторинг – күнделікті бақылау, бағалау және болжау; білім беру үрдісінің барысын, нәтижелерін және тиімділігін ізбе-із үздіксіз зерделеу.
26.Нысан – субъектің, яғни адамның таным мен іс-әрекет аймағы.
27.Объект – адамның, іс иесінің таным әрекетінің бағыты, әрекет құбылысы, зерттеу нысаны.
28.Оқу бағдарламалары- нақты пән бойынша оқыту мазмұнын түбегейлі, толық ашатын құжат.
29.Оқыту құралдары- оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуға, білім негізін қалауға арналған түрлі ақпарат көздері.
30.Өлшем – бір нәрсені бағалауда, анықтауда немесе жіктеуде негізге алынатын белгілер, бағалау өлшеуіштері.
31.Пайымдау- белгілі бір қорытындыға келу, оқушылардың ой-өрісін дамыту.
32.Педагогикалық әдіснама – педагогикалық білім және оны меңгеру үрдісі туралы ілім. Олар: бастапқы, өзекті, іргелі, философиялық теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар сияқты әдіснамалық мәні бар ілімдер.
33.Парадигма – ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымда қабылданған теориялық және әдіснамалық қағидалар жиынтығы, олар ғылыми таным барысында пайда болатын болжамдар мен мәселелерді шешуші ғылым тұрғысында түйсіну үшін үлгі, нұсқа, стандарт ретінде қолданылады.
34.Педагогика пәні – тұлға тәрбиесі, оқуы, білімденуі, дамуы, қалыптасуы.
35.Педагогикалық үдеріс – оқу мен тәрбие бірлігі арқасында орындалатын білімдену мақсатынан оның нәтижесіне қарай болған іс-әрекет, ілгері қозғалыс.
36.Ресми тілдесім- тіл үйренушілерге, ресми қарым-қатынастың элементтерін үйрету,ондағы сөз қолданыстарды, ситуацияларды, ресми материалдарға қатысты меңгерту.
37.Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы, оқу-тәрбие барысының нақты түрі.
38.Сапа- білім жүйесінің негізі мақсаты.
39.Сипаттау-бір нәрсенің бейнесін, немесе табиғат көріністерін суреттеу.
40.Субъект – сыртқы ортаны нысанды танып білетін және өзінің мүдделеріне бағындыру мақсатында ықпал жасаушы.
41.Технология – қандай да қызмет, іс-әрекеттерді (үдерістерді) жүзеге келтірудің жолдары мен шаралары (средства) жөніндегі білімдер жиынтығы.
42. Түйін – сөз мәнінің қысқа баянды, сөздің қорытынды түйіні, міндеттердің, әрекет аясының, өкілеттік қызметтің ықшам айтылуы.
43.Тілдік қабілет- адамның санасында қалыптасатын, сөйлеу қызметінің санаға түйсінілмейтін ережелерінің көп қабатты жүйесі.
44. Фонетикалық дағдыларды меңгеру – сөйлеу кезінде сөздің құрамындағы дыбыстарды дұрыс айта білу және жазылған әріптік таңбаларды тілде дұрыс қолдану арқылы түсінікті сөйлеу тәжірибелерін жан-жақты игеру.
45.Ұжымдық әдіс- сабақта тілдік қатынастың үнемі жүргізілуін қамтитын, қатысымдық әдістің негізгі өзегі болып табылатын әдіс.
46.Хабардың пайда болуы-тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлеу әрекетіне қажетті ең бірінші фактор-сыртқы дүниенің адам санасына әсер етуі, сол әсердің нәтижесінде мида ойдың қорытылуы, хабардың пайда болуы.
47.Шығармашылық әрекет- мәселені қою, ойды тұжырымдап айту, идеяның пайда болуы, оның логикалық дамуы, аталған мәселені шешуде қолдану, негіздеу, оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу барысында нәтиженің нақты көрінуі.
48.Экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі.
49.Эксперименттік алаң – жаңа педагогтік технологиялар мен білім беретін оқу бағдарламаларын мақұлдаудан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы.
50.Элиталық білім – дарынды адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша алынатын білім.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет