ЖОБА
кейде велосипед айдаушылар жиі жол қозғалысы ережесін бұзады және қайғылы жағдайға
душар етеді. Тағы да айта кетер жайт, еліміздің солтүстік өңірінің ауа райы велосипед
жүрісіне қолайлы емес. Қыста жолдарда мұз қатады, күзгі және көктемгі жолдар жауынды,
сондықтан
велосипед қозғалысына қиындық тудырады.
Екіншіден, кей адамдар велосипедпен жүру біздің денсаулығымызға пайдалы деп
жатады. Алайда, мен бұл пікірге толықтай келісе алмаймын,
себебі
көптеген жол
апаттарында велосипед айдаушылар жарақат алып жатады. Кей адамдар велосипед айдау
экологиямызға пайдалы деп қарсыласуы мүмкін. Бірақ сіз тезірек жүретін әрі жайлы көлік
түрі – автомобильге де арнайы тазарту құралын орната аласыз ғой.
Қорыта келе, бұл мәселеге түрлі пайым-көзқарастар бар. Меніңше, жолда арнайы
велосипед жүру жолы болмаған жағдайда қала орталығында велосипед айдауға тыйым
салынуы керек. Менің пікірімше, велосипед ауыл арасы сияқты қысқа жолдарда жүретін
көлік түрі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: