Қазақ тілі пәні бойынша 4– сыныпқа арналған I -тоқсанның диктанты Мақсаты



Дата20.10.2019
өлшемі82,5 Kb.
#50306
Байланысты:
4-synypk-a-arnalg-an-bak-ylau-zhu-mystar

Қазақ тілі пәні бойынша

4– сыныпқа арналған I -тоқсанның диктанты

Мақсаты: Оқушылардың лексикалық білімдерін анықтау. Септік, жіктік жалғауларын дұрыс қолдану. Хабарлы, лепті сұраулы сөздерді ажырату.
Диктант
Менің әжем

Менің әжем бар.Оның аты – Гүлзипа . Жасы алпыс үште . Ол өте еңбекқор, адал , әділ адам . Әжем маған өзінің ақыл - кеңестерін айтып отырады . Оның сүйікті мақалы: «Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей». Мен әжемнің айтқанын тыңдаймын . Гүлзипа әжем секілді еңбекқор болуға тырысамын.

(41сөз)

(Қазақ тілі Дидактикалық материал 4сынып, А.У. Сисембина, Алматыкітап 2010 ж.)
Қазақ тілі пәні бойынша

4– сыныпқа арналған алғашқы бақылау жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың 3-сыныпта алған білімдерін тексеру. Мемлекеттік білім стандартының орындалу барысын тексеру, сауаттылық деңгейін, грамматикалық білімдерін тексеру, ақыл - ой қабілеттерін дамыту.

Диктант


Отбасы

Отбасы адам баласының алтын діңгегі. Ең алғаш дүниеге келген сәтінен бастап ата-анасының ыстық құшағы мен аялы алақанында өсіп-өнеді,тәрбиеленеді. Отбасын кейде кішігірім мемлекетке теңейміз. Әр отбасындағы бала әртүрлі тәрбие алады. ( 33сөз)


(Диктанттар жинағы 1-4, Ж.С.Қалиева Қарағанды 2007 ж.)
Грамматикалық тапсырмалар
ІІІ деңгей
1. Берілген сөздерге болымсыз етістігінің жұрнақтарын жаз:

Тәрбиеле , кел, баста, ал, өс.

2. Отбасы деген сөзді тәуелде.

3. Берілген сөздердің қосымшаларын белгіле: баласының , құшағы, мемлекетке, алақаны, отбасым.

ІІ деңгей


1.Мәтіннен қандай ? деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жаз.

2. Мәтіннен тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жаз.

3. Соң, кейін –септеулік шылаулармен сөзтіркестер немесе сөйлемдер

құрастырып жаз.

І деңгей.
1.«Менің отбасым » тақырыбына шағын әңгіме жаз.

І тоқсанның бақылау жұмысы.
Мақсаты: тоқсанда алған білімдерін тексеру. Лексикалық , грамматикалық тапсырмалар арқылы тақырыптарды бекіту.

І. Лексикалық тапсырмалар
1. Берілген сөздерді топтастыр..

Ет тағамдары: ...

Сүт тағамдары: ...

Ұн тағамдары: ...

Сөздер: Қуырдақ ,айран,шұжық , шұбат ,құрт ,бауырсақ,

Қымыз ,қазы ,қаймақ ,шелпек , май ,тоқаш .

2. Берілген сөздерден сөйлем құрастыр

1) Табылады, еңбекпен, нан.

2) Егеді, диқандар,күтеді ,тұқым.

3) Егін,күзде, жинайды, адамдар.


  1. Жасайды, айран,ірімшік,май,сүттен.

3.«Күз» туралы шағын әңгіме жаз.



ІІ. Грамматикалық тапсырмалар.

1. Берілген сөздерді (жекеше, көпше түрінде) жіктеп жаз.

І нұсқа ІІ нұсқа

Оқушы Ұшқыш

2.Дыбыстық талдау жаса

І нұсқа ІІ нұсқа

диқан еңбек
3.Берілген сөздерді септе.

І нұсқа


ІІ нұсқа

диқан еңбек

Қазақ тілі пәні бойынша 4– сыныпқа арналған ІІ тоқсанның диктанты.

Диктант

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін, сауаттылық деңгейін тексеру.

Табиғат.
Түн. Аспанда жұлдыздар жымыңдайды. Жұлдыздар арасында ай. Дала сүттей жарық. Тау жақтан салқын леп соғады. Жым-жырт тыныштық . Қандай сүйкімді көрініс. Табиғат бір мезгіл тыныс алғандай. Осыны тілмен айтып жеткізудің өзі қиын .

Туған жерінен алыс жаққа шықсаң, қайтып келуге асығасың. Келсең, таныс көшелер, үйлер, адамдар – бәрі көзіңе оттай басылады.

( 49сөз)
(Диктанттар жинағы 1-4, Ж.С.Қалиева Қарағанды 2007 ж.)

Тест

1. Дауыссыз дыбыстарды көрсет.

А.б,в,г,ғ,д,ж,з,к,қ

В. б,в,е,ә,ө,ж,з,и,у

С. б,в,г,ү,ұ,ы,м,н,ң

Д.б,в,а,ң,ч,ш,щ,ә,ю

Е. а, о, н, м, с, р, о, г



2. Қазақстанның рәміздеріне не жатады?

А. әнұран, кітап, елтаңба

В. Президент,астана,ту

С. әнұран,елтаңба,ту

Д. елбасы,астана,бас қала

Е. Отан, атамекен, ту



4. Бірыңғай жуан дауысты дыбыстар бар сөздердің қатарын көрсет:

А. тиін, ләйлек, түлкі

В. шырша, қарағай, қорық

С. сілеусін, өсімдік, өмір

Д. елік, бүлдірген, емен

Е. табиғат, су, ел



5. Қазақстан елтаңбаның ортасында не бейнеленген?

А. қыран


В. шаңырақ

С. пырақ


Д. күн

Е. жұлдыз



6. Буын түрлерін анықта

А. ашық,дауысты,бітеу

В. даыссыз,дауысты,тұйық

С. ашық,бітеу, қысаң

Д. ашық,бітеу,тұйық

Е. дауыссыз, бітеу, ашық



7.Сөздің дұрыс аудармасын көрсет:

Сөз: богатство

А. жақсы

В. татулық

С. достық

Д. байлық

Е. бейбітшілік

8. Қазақстан туында қандай құс бейнеленген?

А. аққу


В. қаршыға

С. бұлбұл

Д. қыран

Е. бүркіт



9. Туы,Мемлекеттік Елтаңбасы қашан қабылданды?

А. 1996 жылы 24қаңтарда

В. 2006 жылы 7қаңтарда

С. 1991жылы 16желтоқсанда

Д. 1993 жылы 11 шілдеде

Е. 1999 жылы 1 мамыр


10. Күн ненің белгісі?

А. бостандықтың

В бейбітшіліктің

С. адалдықтың

Д. бірліктің

Е. адамгершіліктің



Қазақ тілі пәні бойынша 4– сыныпқа арналған аралық бақылау жұмысы
Мақсаты: I тоқсанда алған білімдерін тексеру, «Менің елім» тақырыбы бойынша сөздерді сауатты жазу.Өткен тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Диктант.
Қазақстан.

Қазақстан егеменді ел. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Біздің елімізде көптеген ұлттар тұрады. Қазақстан жері ұлан-байтақ. Қазақстан рәміздері өте әдемі. Елтаңбасы, жалауы ерекше. Көк байрағымыз әлемде еркін желбірейді. Қазақстанның бас қаласы – Астана. Астана жылдан – жылға көркейіп келеді. Мен өз елімді мақтан тұтамын.

( 42сөз)
(Диктанттар жинағы 1-4, Ж.С.Қалиева Қарағанды 2007 ж.)


Грамматикалық тапсырмалар
ІІІ деңгей

1. Мәтіннен тіркесті сөздерді теріп жаз.

2. Түбірмен қосымшыларды белгіле:

елімізде, оқушылар, жері, келеді.

3. Ұлт , жалау, халық, рәміз, қала, ел –сөздерін көпше түрде жаз.

ІІ деңгей

1.Біріккен сөздерді теріп, сөз тіркесін құрастыр.



Қаракөз, ауыл,отбасы, қазақ, үшқұдық, сиыр ,әуежай.

2. Жалау сөзге фонетикалық талдау жаса.

3. 3-інші сөйлемді орыс тіліне аудар.

І деңгей


1.«Туған жер» туралы әңгіме жаз.
ІІ-тоқсанның бақылау жұмысы

Мақсаты: тоқсанда алған білімдерін тексеру. Лексикалық , грамматикалық тапсырмалар арқылы тақырыптарды бекіту.
І. Лексикалық тапсырмалар


  1. «Астана-бас қала»тақырыбына шағын әңгіме жаз.

  2. Сен қандай көне қалаларды білесің?

  3. Отан туралы мақал-мәтелдерді жаз.


ІІ. Грамматикалық тапсырмалар
1.Біріккен сөздерге мысалдар келтір.

2.Берілген етістіктерді шартты рай түріне айналдыр.



Жаз, оқы,секір, ойна, бар.

3.Берілген сөздердің қосымшаларын белгіле.



Жазушы, әнші, білгіш, ойшыл, бейбітшілік.
Қазақ тілі пәні бойынша 4– сыныпқа арналған ІІІ тоқсанның диктанты

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін, сауаттылық деңгейін тексеру.

Диктант
Волейбол
Біздің мектепте спорт алаңы бар. Мұнда оқушылар футбол, волейбол, баскетбол ойнайды. Спорт алаңы қыста да, жазда да балаларға толы.

Бүгін дене шынықтыру сабағы бесінші сабақ.Біз мектеп спорт алаңына шығамыз.Онда екі бағанға керілген волейбол торы бар. Бәрінің секіргісі келеді. Дене шынықтыру сабағы өте қызықты.


Ж. С. Қалиева. Диктанттар жинағы 1-4 (45 сөз)


Тест

1. Қасқыр ... өмір сүреді.

А. тауда


В. қөлде

С. өзенде

Д. орманда

Е. далада



2. Тиісті жіктеу есімдігін тап: ... жазамын

А. Біз


В. Мен

С. Сен


Д. Сіз

Е. Сендер



3. Төрт түлікке жататын малдар:

А. сиыр, ешкі сиыр, жылқы

В. қой, мысық , ит, қозы

С. түйе, жылқы , сиыр, қой

Д. түйе, сиыр, лақ, жылқы

Е. жылқы, ит, қозы, бұзау



4. Лепті сөйлемді тап:

А. Қандай тамаша көктем

В. Сен қайда барасың

С. Бүгін ауа райы қандай

Д. Балалар, біз демалыс күні киноға барамыз

Е. Ертең мен кезекші боламын



5.Сөйлемді жалғастыр

Сиыр сүт ... .

А. алады

В. жабады

С. қарайды

Д. көреді

Е. береді

6.Еңбекқор жәндікті тап

А. инелік

В. құмырсқа

С. қоңыз


Д. шыбын

Е. өрмекші



7.Қойдың пірі-... .

А. Зеңгібаба

В. Ойсылқара

С. Қамбарата

Д. Шопаната

Е. Шекшеката



8. Жабайы аңдар ... тіршілік етеді.

А. үйде


В. қорада

С. орманда

Д. үйшікте

Е. өзенде



9. Сын есімді тап

А. қарға


В. тоғай

С. сайрады

Д. біз

Е. шағын


10. Ірі құсты анықта

А. бүркіт

В.үкі

С. қарлығаш



Д. түйеқұс

Е. торғай



ІІІ- тоқсанның бақылау жұмысы

Мақсаты: 3-інші тоқсанда алған білімдерін тексеру. Лексикалық , грамматикалық тапсырмалар арқылы тақырыптарды бекіту.
І. Лексикалық тапсырмалар


  1. «Мектеп» туралы шағын әңгіме жаз.

  2. Мемлекеттік мерекелерді ата.

  3. Білім, мектеп, оқу туралы мақал- мәтелдерді жаз.


ІІ.Грамматикалық тапсырмалар
1.Ойнау деген етістікті өткен шақта жікте.

2 Күрделі зат есімдерге мысалдарды келтіріп жаз.

3.Берілген сөйлемдерге тыныс белгілерін қой, сөйлем түрлерін анықта

Тест
1. Кімдер?- сұрағы қай сөзге қойылады

А. сабақта

В. сөйлейді

С. балалар

Д. үйлер

Е. иттер



2. Дұрыс жазылған сөйлемді тап

А. Шығарамыз математика есеп сабағында біз.

В. Ол пәндік олимпиадаға көп қатысады.

С. Еңбек кеше сабағы бізде болды.

Д. Қазақ тілі сабағы болады бүгін.

Е. Келдім ерте мен сабаққа.



3. Буынға бөлінген сөздін дұрысын тап

А. ер-кін-дік-ті

В. е-ркін-ді-кті

С. ерк-ін-дік-ті

Д. еркі-н-дік-ті

Е. еркін- дік - ті



4. Сабақта біз не істейміз?

А.тамақ ішеміз

В. би билейміз

С. ойнаймыз

Д. оқулық жазамыз

Е. сабақ оқимыз

5. Дұрыс жазылған сөзді тап

А. оқыушы

В. окушы

С. оқұушы

Д. оқушы

Е. оқұшы


6. Сұраққа жауап бер

Қазақ тілі- қандай тіл?

А. ана тілі

В. дана тілі

С. мемлекеттік тіл

Д. әдемі тіл

Е. әлемдік тіл

7. Сөйлемді аудар:

Оқушы тақтаға сөйлем жазды.

А.Ученик вытер доску.

В. Ученик на доске написал предложение.

С. Ученик читает стих у доски.

Д. Ученик на доске написал слово.

Е. Ученик вышел к доске

8. Жұмбақтың шешуін тап

Жазу, жазу жалықпаған

Жаза, жаза арықтаған

А. дәптер

В. қалам

С. бор


Д. кітап

Е. сызғыш



9. Әдебиеттік сабағында мұғалім неге тәрбиелейді?

А. адамгершілікке,жан сұлулығына

В. сурет салуға

С. есеп шығаруға

Д. ойнауға

Е. ән айтуға



10. Жіңішке дауысты дыбысты көрсет:

А. а


В. ұ

С. ө


Д. о

Е. ы


Қазақ тілі пәні бойынша 4– сыныпқа арналған ІҮ тоқсанның диктанты
Диктант
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін, сауаттылық деңгейін тексеру.

Мектеп
Мен мектепте оқимын. Мектеп Сүйінбай көшесінде орналасқан. Мені мектепке ағам алып келеді. Өйткені мектеп біздің үйден алыс. Біздің мектеп үш қабатты. Мектептің ауласы кең,таза.Аулада көп әдемі гүлдер өседі.Осында емен , қайың , қарағай ағаштары өседі. Бұл ағаштарды біз отырғыздық. Мен мектебімді өте жақсы көремін.

(45- сөз)

Ж. С. Қалиева. Диктанттар жинағы 1-4


Қазақ тілі пәні бойынша 4– сыныпқа арналған жылдық бақылау жұмысы.
Мақсаты: Жыл бойы алған білімдерін тексеру . Мемлекеттік білім стандартының орындалу барысын , сауаттылық деңгейін, грамматикалық білімдерін тексеру, ақыл - ой қабілеттерін дамыту.

Диктант

Демалыс күні
Жексенбі күні ұйқыдан кештеу тұрдым. Анама үй шаруасына көмектестім. Түстен кейін сыныптасым қонаққа келді.Екеуіміз бірге әңгімелестік , ойнадық .Сосын біз бірге киноға бардық . Үйге келдік , анам бізге бәліш пісіріп , дайындап берді . Уақыт тез және көңілді өтті. Біз жақсы демалдық.

( 39 сөз)


А. У . Сисембина. Г.В. Тажибаева. Дидактический материал

І.Грамматикалық тапсырмалар
ІІІ деңгей

  1. Қонақ сөзіне дыбыстық талдау жаса.

  2. Берілген сөздерді екі бағанға бөліп жаз: қала, Астана, Нұрлан, өзен , Ертіс , астана , оқушы , Алатау, Екібастұз, гүлдер.

Жалпы Жалқы

  1. Тәуелдік жалғаулары бар сөздерді теріп жаз.

ІІ деңгей

  1. Берілген сөзді септе : уақыт.

  2. Берілген сөзді жекеше, көпше жікте : сыныптас.

І деңгей.

  1. «Жазғы демалыс» тақырыбына әңгіме құрастыр.



ІҮ- тоқсанның бақылау жұмысы

Мақсаты: тоқсанда алған білімдерін тексеру. Лексикалық , грамматикалық тапсырмалар арқылы тақырыптарды бекіту.
І. Лексикалық тапсырмалар

1. «Жазғы демалыс» тақырыбына шағын әңгіме жаз.

2. Сен қандай пәндерді білесің?

3. Тіл туралы мақал – мәтелдерді жаз.


ІІ.Грамматикалық тапсырмалар


  1. Берілген етістіктерді күрделі етістіктерге айналдыр:

Ойна , бар, оқы, сат.

  1. Берілген сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып жаз.

Сен мектепке бардың. Ол теледидар көріп отыр. Мен ауылда болдым.

3. Көру деген етістікті осы шақта жікте

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет