Киіз үй
Әбубәкір Қайран
Есейіп қалдың, міне, жеткіншегім,
Бойыңа мін тақпайды ешкім сенің.
Ұлтыңның ұлы болып қалу үшін
Керек қой білік, білім, өткір сезім.
Түңілмес тілегім – сен, тірегім – сен,
Сен барда нұр өміршең, жыр өміршең.
Адамсың – Отаныңды сүйе білсең,
Күні ертең отауыңды тіге білсең.
Отауың – көтеретін шаңырағың,
Шаңырақ – ең үлкені қазынаның.
Қазақтың киіз үйі – ғажап әлем,
Сол жайлы түсіндірем бәрін-бәрін.
Өйткені, киіз үйің – киелің бұл,
Жасыңнан көкейіңе түйерің бір.
Ағашы киіз үйдің – үй сүйегі,
Ендеше, ең алдымен, сүйегін біл.
Жаралған тал, қайыңнан үй сүйегі,
Қазаққа Құдай берген бұл сый еді.
Ағаштан жонып, кесіп, иіп, тесіп,
Жасайтын ұсталарды ел сүйеді.
Үшкір бұрыштарға ұрынбай өмір сүру философиясы
|
Екі мәтінді салыстырыңдар
|
Киіз үй
|
А) Ата- бабаларымыздың тұрмыс- мәдениеті, талғамы, баспанасының ыңғайлылығы, киелілігі.
В) Үйлену салтына байланысты ырымдар.
C) Үшкір бұрыштарға ұрынбай өмір сүру философиясы
D) Баланың алғашқы өмірге қадам басуы.
E) Халқымыздың тұрмысында қазақтың тіршілік етуінің басты қағидалары
|
Көтерілген мәселе (тақырып)
Дұрыс жауапты таңдаңыз!
|
А) Ата- бабаларымыздың тұрмыс- мәдениеті, талғамы, баспанасының ыңғайлылығы, киелілігі.
В) Үйлену салтына байланысты ырымдар.
C) Үшкір бұрыштарға ұрынбай өмір сүру философиясы
D) Баланың алғашқы өмірге қадам басуы.
E) Халқымыздың тұрмысында қазақтың тіршілік етуінің басты қағидалары
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |