«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Тіл және алаш идеясы»



бет5/6
Дата22.12.2023
өлшемі23,37 Kb.
#198437
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмала-emirsaba.org

Оқылым Тапсырма
Берілген тапсырманы орындаңыз. [10]
Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Тіл — адам жанының тілмәші. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт — тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмыс, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі — бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең. Тілі де бай.
Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ. Түрік тілімен сөйлейтін түрік балалары күндердің бір күні айналып қазақ тіліне келмекші. Қазақ тілін қолданбақшы. Осы күнде-ақ айналып келе жатыр. Татардың әдебиет тілі жыл-жыл сайын қазақ тіліне жақындап келеді. Күндердің бір күні түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік елінің келешек тарихында қазақ ұлты төрден орын алмақшы. Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік. (150 сөз)
М.Жұмабаев. «Тілдің адам өмірінде һәм ұлт өмірінде
алатын орны» мақаласынан
  1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз [2]


___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


  1. Мәтін қандай жанрда жазылған? [2]


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


  1. Автордың ойын өз сөзіңізбен жазыңыз, бірақ айтылған әр тұжырымның соңында ойдың авторына сілтеме жасаңыз. [2]


_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


4.Бүгінгі замандағы өзектіліне баға беріп, төрт сөйлеммен пікір білдіріңіз
Менің ойымша... ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[1]

Себебі, мен оны былай түсіндіремін..._______________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[1]
Оны мен мына фактілер, мысалдармен дәлелдей аламын... _______________________
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [1]
Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім... _______________________
_____________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________ [1]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет