«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет»



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата24.04.2023
өлшемі425,19 Kb.
#175259
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
« аза тілі» п нінен 2-то сан бойынша жиынты ба алау тапсырмала



«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 
 
«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет»,
«
Экономикалық 
интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі» бөлімдері бойынша 
 
Тыңдалым мен айтылым 
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені 
анықтаңыз. Мәтіннің жанрына қатысты тілдік оралымдарға талдау жасап, мысалдар 
арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды 
деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді 
қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
А мәтіні 
«Елге ұстаздық еткен қарттан алғыр, құйма құлақты, 
Қонақтары сұрапты: 
- Аға, неше балаңыз бар соңыңыздан самғаған? 
- Бір жарым! - деп тіл қатыпты әлгі адам. 
- Ал, дәл айтсам, үш ұлым бар зерек әрі білімді, 
Үшеуі де ғылым қуып назарға ерте ілінді. 
Сол үш ұлдың бірі ғана қайсар, ұшқыр арманын, 
Техникалық санаты мен ғылыми өр талғамын 
Өз ұлтының рухани байлығына жалғады, 
Содан шуақ, қуат алып, ғаламдық ой толғады. 
Екі ұлымның тағдырында ол өзгеріс болмады, 
Екеуі де жалаң білім шеңберінде сорлады. 
Рухы, жаны аласаның зорлық жатар парқында, 
Сондықтан қос перзентімді санаймын мен жарты ұлға. 
Мейлі, мейлі, екі ұлымды қақса да уақыт арқадан 
Нағыз ұлым біреу ғана, ана екеуі жарты адам! 
...Біз қанша мың жас өскінді аттандырдық шет елге: 
Білім алып келсін дедік, 
Жер, ел танып көрсін дедік 
Бірақ осы ізгі үмітті жалаң білім өтер ме? 
Қайтсек екен, мониторкөз, компьютербас, жас талап, 
Білім+Рух болуы үшін ажырамас қос қанат? 
...Сан жас қанат ғаламзатқа болмақ үшін өтімді, 
Түнгі оттарды іздеп ұшар көбелектер секілді, 
Қасиетті ата қоныс - өзен-тауын жерсінбей, 
Баба тарих ардақтаған рух тұғырын менсінбей, 
Ойын тұсап ессіз, көзсіз еліктеудің жарқылы, 
Тек батыстық даңғаза өнер толқынында қалқыды. 
... Бүгін неге рухсыздық секілді зор батырлық? 
Ізгіліксіз батырлықтан зардап шегіп жатыр жұрт. 
Ньютон ашқан үшінші заң нені үндейді білдік пе? 
"Әрбір қимыл - қарсы қимыл тудырады" тірлікте. 
М.Шаханов «Өркениеттің адасуы" романынан үзінді 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет