Қазақ тілі пәнінен 2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
5- сынып «Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Білім алушының аты-жөні, сыныбы ___________________________________________
Оқу мақсаты: О6.Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы
мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу
ӘТН3.Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану
Бағалау критерийі : Білім алушы Мәтіннің мазмұнын түсініп, нақты ақпаратты
анықтайды Мәтін құрамындағы сөздерді синонимдерімен, көпмағыналы сөздер, антонимдерімен қатар қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Ескерту: Дұрыс жауап саны-1
Киелі жануарлар– айрықша қадірленетін тіршілік иелері. Қазақ халқының дәстүрлі наным-сенімінде, әдет-ғұрпында киелі жануарлар – жақсылықтың жыршысы, берекенің бастауы, бақ әкелуші, ырыс-құттың нышаны. Ш. Уәлиханов «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» атты еңбегінде «Қазақтар киеге үлкен мән береді. …кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажет заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырым-жорасын жасап тұру, адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі деп түсінеді. Ал осы кәделерді ұстамау, киелерді құрметтемеу – жоқшылыққа душар етеді. Сондай құдіретті күші бар жан-жануарлардың киесі бар дейді, ал олардың өзін киелі деп атайды. Жан-жануарлардың киесін қадірлемеу – киенің қаһарын туғызады. Киенің ашуы, қаһары – кесір деп аталады», – деп түсініктеме берген. Киелі жануарларды ғылыми тілде зоолатрия деп атайды. Ол гректің «zoon» – жануар «latreіa» – құрмет тұту, табыну деген сөздерінен шыққан.
Солтүстік Америка мен Солтүстік Азия халықтары – аюды, Африка халқы – ірбісті, үндіс тайпалары – құндызды, еуропалықтар – дегелекті, славяндар – көгершінді, үнді халқы – сиырды, тибеттіктер – итті, қырғыздар – бұғыны, мысыр халқы – мысықты, скарабей қоңызын киелі деп есептейді. Қазақ халқында «киіктің де киесі бар», «иттің иесі болса, қасқырдың тәңірі бар» деген мақал-мәтелдер соның айғағы. (164 сөз)
1. Мәтінде кездесетін омоним сөз [1]
A) Кие B) Деп C) Мән D) Бақ E) Құт
2. «Берекенің бастауы» тіркесіндегі асты сызылған сөз [1]
A) Синоним сөз B) Көп мағыналы сөз C) Тура мағыналы сөз
D) Антоним сөз E) Күрделі сөз
3. Синонимдік қатардың дұрысы [1]
A) Табыну-тұтыну B) Ырыс- жоралғы C) Киелі-қасиетті
D) Қаһары- қадірі E) Әдеп-құрмет
4. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып [1]
A) Уәлиханов зерттеуі B) Шамандықтың халқы C) Ырым-жоралғылар
D) Киелі жануарлар E) Құдіретті күш
5. Қазақ халқының жануарларды кие тұтуының себебі [1]
A) Жануарларды жақсы көргендіктен B) Ырымға қатты сенгендіктен
C) Жануарлардан қорыққандықтан D) Жануарларға жақын жүргендіктен E) Жануарларды қолға үйреткендіктен
2- тапсырма
Киелі жануарлар болатыны сияқты кие санайтын немесе адам денсаулығына пайдасы тиетін өсімдіктер көп. Өзің білетін өсімдіктер туралы 4-5 сөйлеммен сипаттап жаз [3]
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Балл қою кестесі
Бағалау критерийі
|
№ тапсырма
|
Дескриптор/ Білім алушы
|
Балл
|
Мәтіннің мазмұнын түсініп, нақты ақпаратты анықтайды
Мәтін құрамындағы сөздерді синонимдерімен, көпмағыналы сөздер, антонимдерімен қатар қолданады
|
1
|
Омонимді анықтайды
Көп мағыналы сөзді анықтайды
Синонимді анықтайды
Мәтін мазмұнына лайықты тақырыпты таңдайды
Мәтін мазмұнына сай қазақ халқының жануарларды кие тұтуының себебін анықтайды
|
1
1
1
1
1
|
Мәтін мазмұнына өз ойын білдіреді
|
2
|
Киелі өсімдікті сипаттайды
|
3
|
Бағалау критерийі
|
№
|
Дескриптор
|
Балл
|
|
|
тапсырма
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |