ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау
Оқумақсаты
9.1.2.1 Қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді
мәтіндердегі (дәріс, интервью) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау
Бағалаукритерийі
Білімалушы
Әртүрлі жанрдағы көлемді мәтіндердің мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың қызметін
түсіндіреді
Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Қолдану
Тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз
Нұрай Сәлібаева, Шымкент:
– Біз апалы-сіңлілер болып ЭКСПО көрмесін аралап жүрміз. Бұл дегеніңіз екі айналып келмейтін керемет жаһандық шара ғой. Сондықтан жүрегінде Отанына деген махаббаты бар әрбір адам осы көрмеге келіп, көруі тиіс деп ойлаймын. Бүгін екінші күн көрмені аралап отырмыз. Бастапқыда шеттегі Ресей, Монака, Германия павильондарын араладық. Бәрі де тамаша. Павильондардың ішіне кірсең, әлемді аралағандай боласың. Біреу телефон соқса, «Біз АҚШ-та жүрміз, енді Францияға барамыз» деп сөйлейсің, керемет емес пе?! Құдды ғаламшарды айналып жүргендей күй кешіп жүрміз. Қазақтың атын дүниежүзіне танытатын мұндай ірі халықаралық шаралар елімізде өте берсін деймін. Бұл өскелең ұрпақтың санасына Отанына деген мақтаныш сезімін ұялататыны сөзсіз. Қазақтың басынан той арылмасын, еліміз тыныш, бесігіміз тек тыныштықта тербелсін деймін.