«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11-сыныпқа арналған мемлекеттік емтихан (эссе) жауаптары 2021-2022ж Инстаграм


https://www.instagram.com/ubt_garant/



бет7/63
Дата17.05.2022
өлшемі0,77 Mb.
#143556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63
Байланысты:
2021 Эссе жауаптары жаратылыстану математикалық бағыттағы2

https://www.instagram.com/ubt_garant/

Сәуір айының 12-і күні – даңқты жерлесіміз, еліміздің ғұлама геолог-ғалымы, көрнекті қоғам қайраткері, академик Қаныш Имантайұлының туғанына 120 жыл толды.
Ол – Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты.
Біздің мектеп кітапханасының оқу залында 1-8 сынып оқушыларына арналған «Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – қазақ ғылымының атасы» атты әңгіме-шолу, көрмелер, бейне-фильмдер көрсетілімдері болып өтті. Оқушыларға Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев ұлт тарихында ғылымның негізін қалаған көрнекті геолог-ғалым ретінде ғана емес, сондай-ақ өз заманының асқан сөз шебері, ойшылы және белгілі қоғам қайраткері ретінде де ерекше орын алатыны анық.
Қазақ тау-кен ісінің бастау алып, жер қойнауын зерттеу ісінің қалыптасуы, Жезқазғанның дамуы академик Қ. Сәтбаевтың есімімен қаншалықты тығыз байланысты болса, ғалымның ғылыми еңбек жолы еліміздің экономикалық және рухани түрде дамуымен да соншалықты тығыз байланысты екені, Сәтбаев есімімен тіпті ғарышта «Сәтбаев» 2402 планетасы, жерде «сатпаевит» жаңа минералы аталғаны баяндалды.
Өткізілген іс-шаралар мазмұнымен оқушыларды туған жері мен еліне деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеп, бойларында патриоттық сезімді әрі қарай дамытып, өз өмірін геология, тау-кен ісімен және металлургиямен байланыстырғысы келетін жас ұрпақ үшін көрнекті ғұлама ғалымның өмірі мен ғылыми қызметі үнемі үлгі болып қала бермек деген сенімдеміз.
Осы тұста ұлтымыздың бетке ұстар азаматы Қаныш Сәтбаевтың ғылым дамуына қосқан үлесі мен еңбек жолы кейінгі буын мен еліміздің жас ғалымдары үшін қоғамдық сананы жаңғыртудағы негізгі бағдар болып қала бермек, – деп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Әмірхан Рахымжанов пленарлық отырысты ашты.– Бүгінде қос мемлекет арасындағы екіжақты қатынастар стратегиялық әріптестік бағытында дамып жатыр. Тәжікстан Үкіметі халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа, инновациялық зерттеулерге жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Қаныш Сәтбаев сынды ғылыми қайраткерлер өз еңбектерімен елдеріміз арасындағы ғылыми ынтымақтастық негізін қалап, оның дамуына теңдессіз ықпал етті. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қазақ ғылымын әлемдік деңгейге көтерді. Ғасырлар өткен сайын ұлы ғалымның есімі кейінгі ұрпақтың жадында мәңгі жаңғыра бермек. Қ.Сәтбаевтың есімі Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымының даму тарихымен ғана емес, сондай-ақ республикадағы бүкіл халық шаруашылығының, барлық экономикалық және мәдени өмірінің қалыптасуы және дамуымен тығыз байланысты. Тәжікстан Ғылым академиясы Қ.Сәтбаевтың есімін ғылыми жетістіктері, ғылымға және мемлекеттік қызметке сіңірген еңбегі үшін мәңгілік ардақтайды, – деді Елші мырза. Сонымен қатар, ғалымның ғылым саласына, ғылыми-ұйымдастырушылық және мемлекеттік қызметке сіңірген еңбектерін ескере келе, Тәжікстан Ғылым академиясы Геология, сейсмикалық берік құрылыс және сейсмология институтының ғимаратында академик Қ.И. Сәтбаевқа арнап мемориалдық белгі орнатылғанын хабарлады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет