«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11-сыныпқа арналған мемлекеттік емтихан (эссе) жауаптары 2021-2022ж Инстаграм


Ж.Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасындағы көтерілген мәселелердің бүгінгі күнгі өзектілігін талдап жазыңыз



бет52/63
Дата17.05.2022
өлшемі0,77 Mb.
#143556
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63
Байланысты:
2021 Эссе жауаптары жаратылыстану математикалық бағыттағы2

41. Ж.Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасындағы көтерілген мәселелердің бүгінгі күнгі өзектілігін талдап жазыңыз
«Дала, сенің ұлыңмын» – Жарасқан Әбдірашевтің 1975 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген жыр жинағының және поэмасының атауы. Поэма «Туған дала… Сенсің биік тұғырым!.. Сенсің менің абыройым, мақтаным!..» деген асқақ пафоспен басталып, қазақ даласының поэтикалық портретін жасайды. Шығармадағы лирикалық қаһарман – автордың өзі.«Дала» – поэтикалық образ әрі символдық бейне. Мұның астарында бүкіл қазақ даласы, осы кең байтақ өлкені сөзімен де, ісімен де сақтап қалған ата- абаларымыздың қасиетті рухы деген ұғым бар. «Дала» деген сөзге автор «Мен – қазақпын» деген ойды сыйғызып, ата-баба тарихынан сыр төккісі келген.Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ұлы дала» ұғымы – баяғыдан бар ұғым. «Дешті Қыпшақ» деген сөз – «қыпшақтың даласы» деген сөз. «Ұлы дала» ұғымына Алтайдан Қара теңізге дейінгі дала кіретін болған. Оның негізгі аумағы – біздің қазақтың жері… Бізде де сондай ұғыммен теңестіретін болсақ, бізге «Ұлы дала еліміз» деп айтқым келеді. «Ұлы дала» мен «Көк аспан» деп те айтуға болар еді.Кең дала – біздің жеріміз. Осы жерде біз тұрып жатырмыз, өсіп жатырмыз, өркендеп жатырмыз, ұрпақ асырап жатырмыз. Осы жерде мемлекетімізді құрып,
оның шаңырағын биік қылып, көк тудың астына жиналып жатырмыз. Біздің
байрағымыздың өзінде көк аспан, жарқыраған күн бейнеленген… Ол халықтық
атау болуы керек», – деген болатын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет