«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11-сыныпқа арналған мемлекеттік емтихан (эссе) жауаптары 2021-2022ж Инстаграм


Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі ата тәрбиесі мен ғибраты туралы айтылған ойларын нақты мысалдармен дәлелдеп жазыңыз (Ы.Алтынсариннің туғанына – 180 жыл)



бет14/51
Дата17.10.2022
өлшемі0,77 Mb.
#153442
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51
Байланысты:
2021 Эссе жауаптары жаратылыстану математикалық бағыттағы2

13. Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі ата тәрбиесі мен ғибраты туралы айтылған ойларын нақты мысалдармен дәлелдеп жазыңыз (Ы.Алтынсариннің туғанына – 180 жыл).
Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин шығармалары қазақтың қара домалақ балалары үшін үлкен мағынаға ие.Әсіресе, оның «Қазақ хрестоматиясы" оқулығы мектеп табалдырығын енді ғана аттаған бүлдіршіндерге рухани азық болды. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілейін деп тұрған өтпелі кезеңінде Ыбырай жас жеткіншектерге ой салатын, тәрбиелік мағынасы мол, түрлі қызықты әңгімелерді көптеп жазуға тырысып бақты. Мысалы, ағартушының «Мейірімді бала» әңгімесі тәрбиелік мағынаға тұнып тұр десек артық айтпағанымыз. Оған дәлел ретінде Сейіт бала туралы мына бір әңгімесіне құлақ түріп көрелікСейіт орам үстінде жүгіріп бара жатқанда, бір арбалы келіп, аңдаусыз соғып кетіп, аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп шошынғаннан шешесі есінен танып қалады. Мұны көрген соң, Сейіт жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына салып танып жатқанда да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатады. Сонда сынықшы кісі:- Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? -деп сұрайды. Сейіт, шешесі шығып кеткен соң, демін алып, сынықшыға сыбырлайды:- Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, жүдемесін деп, шыдап жатырмын,- дейді.Сейіт өзінің жас шамасына қарамастан жіберген қатесін түсінді. Ол екінші рет зар жылап, көз жасын көлдететін болса, ардақты ананың баласының еңіреген даусын ести алмай, талып қалатынын алдын ала сезгендей болды. Онсызда баласының қамын ойлап, зыр жүргіріп жүрген анасына қосымша жүк болмауды ойлады. Ер жігітке тән мінез көрсетті. Ішінен: «анашым сәл шыда өсуіме аз қалды» дегендей сезім қалдырды. Сейіттің мұндай іс-әрекеті екі түрлі мағына береді: алғашқысы балалықтан өтіп жауапты да дербес жетілгендікті білдірсе, екіншісі түн ұйқысын төрт бөлген анасын ерекше қастерлегенін айшықтайды.Қортындылай келе Ыбырай Алтынсарин «Мейірімді бала» әңгімесінде адамдық қасиеттерді жақсы сипаттаған. Бүгінгінің тілімен айтқанда ана мен бала арасындағы ерекше байланысты психологиялық тұрғыда еркін жеткіз ген Ыбырай Алтынсарин шығармаларының бүгінгі күнге дейінгі жеткен тәрбиелік мәнінің мазмұны әлі де қолданыста.Ы. Алтынсариннің ұрпағына қалдырған мұрасы –ұлан-ғайыр. Небәрі жарты ғасырға жуық өмір кешкен ұстаздың өнегелі еңбегі жан – жақты зерттеліп, туған халқының керегіне жарауда.Оның күні бүгінге дейін мектеп оқушыларының әнұраны іспетті «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңінің неге тұрады?! «Біз болмасақ, Сіз барсыз, үміт еткен достарым»,- деп өзі бастаған оқу – ағарту жұмыстарының алуан қырлы асқарлы істерін, бүкіл ұлт болашағын келер ұрпағына үлкен үмітпен жүктеп, келешектен қуаныш күткен ұлы ұстаздың тындырғаны көп болса да, түнек құрсауындағы қалың елінің білім нәрінен жаппай сусындатып, ғылым мен өнер үйренуінен армандауымен кеткен.Ыбырай салған сара жол – бұл күндері қанатын кеңге жайған,тамырын жіберген, экономикасы мен мәдениеті дамыған тәуелсіз Қазақстан Республикасының білім шаңырақтарында жалғасын табуда.Ы.Алтынсаринның шығармаларын зерттеу арқылы ол шығармалардың жеке тұлғаны қалыптастыруда алатын қаншалықты маңызды екенін көрсету.Ы.Алтынсаринның шығармаларының, соның ішінде әңгімелерінің және өлеңдерінде айтылған мәселелердің.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет