бар. Мәселен, «Ғашықсыз ғасыр» пьесасы КСРО халық әртісі Фарида Шәріповаға, ал «Тойдан қайтқан қазақтар» драмасы Қазақстанның ха - лық әртісі Жұмабай Медетбаевқа арналған екен.Жазушы - драматург Сұлтанәлі Балғабаев көптеген пьесалар жазды. Ол қазіргі қоғам өмірінің түрлі мәселелері – тіл, руханият, ұлттық мүдде және отбасылық - тұрмыстық өткір жайттар туралы драмалық, трагедиялық, комедиялық сипаттағы реалистік туындылар жасады. Жазушының қаламынан туған әрбір шығарма заман тынысымен үндесіп жатыр.Солардың бірі – «Тойдан қайтқан қазақтар» деп аталатын екі бөлімді комедия.Бұл – көзбояушылық, бастықтың алдында құрдай жорғалау, сыбайлас жемқорлық сияқты қоғамдағы келеңсіздікті бейнелеген сатиралық туынды. Осы комедиядағы кейіпкерлердің іс - әрекеттері, мінез құлықтарына олардың өз білімі мен талантына сенімсіз, тек жағымпаздану арқылы ғана күн көріп жүрген типтік бейнелер екені көрінеді. Өздерінің руының адамдарын