құлдыққа да саяды, санаң құлдықтан азат болсын деп үгіт етеді.
Қазақ пен қазанатты айыру – ұлттың ар-қасиетіне сына қағу. Жылқыны сүю – Тәңір-
ді әспеттеумен тең бе дерсің қазаққа. Жылқыға құмарлықтың өзі рухтың, ойдың да
Жаратқанымен табысуға аңсары емес пе екен? «Қазақ атқа мінбесін, қазақ атқа мін-
се, бір дене, бір жанға айналып кетеді». Жазушының көркем шығармаларында, эс-
селік әдеби толғаныстарында жылқы жануары туралы тәтті тамсаныс, ерен көзсіз
махаббат жырдай есіледі. Бұл тақырыпқа қалам тербеуінің өзі – қазақтың ежелгі
өмірлік құндылықтарын қайтарып алып, бүгінгі санасы тұтас тамұқтай ұрпаққа
уыздай ұсынбақ болғандай.
«
– Бұрынғы көнекөз жұрт көкірегі ерен көркем еді, толған ай көрсе шашты, жазғы
сәуле құйылса түкті деп жатушы еді». Жазушы құдайға қараған қазақтың жұпар аң-
қыған сәуле санасын аңсармен сағынып, беттескендей, бөрілі қазақты құшақ бас-
Достарыңызбен бөлісу: |