мүмкіндік туып, бұл атқарылған жұмыстардың тиімді әрі нәтижелі болуына жол
ашар еді. Сондықтан Қазақстан Үкіметіне шетелдердегі отандастарымызбен
қарым-қатынас жасайтын, оларға қолдау көрсететін арнайы ресми агенттік құруды
ұсынамыз. Осы кезге дейін де Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының
орынбасары Сұлтанәлі Балғабай да баспасөзге берген сұхбаттарының бірінде
құзырлы органның қажеттігін алға тартқан еді.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қазақтар молырақ қоныстанған шет
мемлекеттерде «Абай» үйлерін ашу туралы мәселені тұрақты көтеріп келеді. Осы
бағыттағы жұмыстарды тиісті мекемелермен бірлесе отырып, алдағы уақытта да
жалғастыра беру керек. Қазіргі кезде Моңғолияның Баян Өлгей өңірінде, Қытайдың
Құлжа қаласындағы Іле педагогикалық университеті жанында Абай орталығы
жұмыс істейді. Сол секілді Германияның Гумбольд университетінде қазақ тілі
кафедрасы, Ереван мемлекеттік университетінде Қазақ тілі, тарихы және
мәдениеті орталығы, Баку мемлекеттік университетінде Абай атындағы Қазақ тілі,
тарихы және мәдениеті орталығы, Ф.Достоевский атындағы Омск мемлекеттік
университетінде Қазақ тілі мен мәдениет орталығы жұмыс атқаруда. Сондай-ақ,
Польшаның Познань қаласындағы Адам Мицкевич атындағы университетте де
қазақ тілін үйреніп жүрген поляк студенттері бар.
Осы тектес орталықтар шетелдегі қандастарымыздың бас қосатын, ана тілдерін
үйренетін орны болуымен бірге, қазақ тілі мен мәдениетін өзге елдерге де
насихаттауға, еліміздің имидждік саясатын жүргізуге, сөйтіп, мүдделес елдерде
мәдени, экономикалық өрісін кеңейтуге де ықпал етер еді. Дипломатияның мұндай
мәдени бағыттағы түрін әлемнің бірқатар дамыған елдері табысты қолдануда.
Қытайдың Конфуций орталықтарын, Германияның «Гете» институтын, АҚШ-тың
ЮСАИД ұйымын, Оңтүстік Кореяның, Жапонияның, Ұлыбританияның,
Францияның, Испанияның осы тектес ұйымдарын алсақ, олардың қай-қайсысы да
өздерінің мүдделерін ілгерілету мақсатында шетелдерде мәдени орталықтар
желісін ашқан. Біз де осындай әлемдік тәжірибені тиімді пайдаланудан
қашпауымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: