«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану математикалық бағыттағы эссе жауаптары



Pdf көрінісі
бет249/252
Дата31.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#130238
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   252
Байланысты:
2 5204258666231894294

тұжырымы  –
 
тәуелсіздік жолында қарудың күшіне емес, білімнің күшіне
 
сену 
болатын.  Өзі  адал  қызмет  етуге  серт  берген  қазақты  ұлттық  тәуелсіздікке 
бастайтын  жол  –
 
заман  талабына  сай  ұлттық  мәдениет  қалыптастыру,  қазақ 


қоғамын
 
еуропалық деңгейге жеткізу деп сенді. Ол осы мұрат жолында аянбай 
еңбек етті,  ғылымда,  оқу
-
ағарту саласында,  мәдениет  мәселелерінде,  саясатта 
осы ұстанымынан айнымады.
 
 
Әлихан
 
Бөкейханның  «қазаққа  қылған  қызметіне»  көз  жүгіртсек,  ұшан
-
теңіз 
мұхиттай,  кең  шалқар  даладай  түгесілмес  еңбекті  көреміз.  Бірқатарын  ғана 
санамалап  өтсек,  ол  ормантанушы,  экономист,  мал  шаруашылығын  зерттеуді 
ғылыми  жолға  қойған  тұлға,  тарихшы,  этнограф,  әдебиеттанушы,  аудармашы, 
-
публицист  ретінде  қазақтың  саяси
-
әлеуметтік,  мәдени
-
рухани  тарихында  өшпес  із 
қалдырған жан.
 
Алаш идеясын, Алаш мүддесін жеткізген Әлихан Бөкейхан:
 
«Қазақтың байырғы жерін 
қазақтар  ғылым  мен  техникаға  сүйеніп  толық  игермейінше,  жер  жекеменшікке  де, 
қоныстанушыларға да берілмейді... Оның әрбір түйір тасы қазақтың өңіріне түйме 
-
болып  қадалу  керек...  Қазақтың  жерінде  өндірілген  бір  уыс  жүн  сол  мемлекеттің 
азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек» деген сөзі осы күні де жанымызға 
жақын  екенін  несіне  жасырайық?  Біз  осы  нөмірде  сұхбатын  жариялап  отырған 
алаштанушы ғалым, академик Мәмбет Қойгелді Әлихан Бөкейхан есімі ХХ ғасырдағы 
өзге  ұлт  көсемдерімен  қатар  аталатын  тұлға  дейді.  Ал  Парламент  Мәжілісінің 
депутаты  Берік  Әбдіғалиұлы  Әлихан  есімін  ұлықтау  үшін  әр  ауыл,  аудандардағы 
көшеге оның атын беруіміз керек екенін айтады.
 
Қазаққа
 
қызмет  еткен  Әлихан  Бөкейханға  біздің  қызметіміз  сол  –
 
оның  ұлттық
 
идеясын жалғастыруымыз ғой.
 
Күні кеше ғана қазақ жұрты «Әлиханның  есімімен аудан аты аталатын болды» деп 
сүйіншілей  хабар  таратты.  Аудан  емес,  одан  да  зорына  есімін  беру  тұлғаның 
тақиясына тар келмес еді, ол күн де алыс емес шығар...
 
Күрескерлік сарын, рухани сабақтастық бір шығармадан бір шығармаға көш
-
кен сайын үзілмей үндесіп, жалғасып жатады. «Өмірзая» романындағы Ая
-
ған бейнесі
  
арқылы жиырмасыншы ғасырдағы қазақ халқының басынан өт
-
кен ұлттық трагедия
  
суреткерлік шеберлікпен көрініс тапқан. Тұяғынан қан 
сорғалаған жыртқыш, зымиян
  
қоғамның отаршылдық сұрқия саясатының 
астарын батыл әшкерелейді. Аяғанның
  
басынан өткен оқиғаларды суреттей 
отырып, сол кездегі қоғамдық ортаны, тағдыры
  
тәлкекке түскен ұлт қасіре
-
тін, халықтың аянышты жағдайын жайып салады.
 
Аяғанның қасіреті –
 
ұлт қасіреті. Лажсыздық, басыңды тауға ұрсаң да, түк 
шығара
 
алмайтын шарасыздық ұлт басына түскен ауыр бұғаудың бұлжытпас, мойын 


бұрғызбас
 
салмағынан еді. Сол зілмауыр бұғауды сілкіп тастай алмай, кешегі Алаш 
арыстары да
 
мынау жарық жалғанның есігін соңғы рет ышқына бір теуіп, жан қиып кете 
барған болатын. Аяған да сол кепті киіп, фәни дүние қорлығына еріксіз мо
-
йынсұнып, бақилыққа аттанады. Міне, «Өмірзая» романы –
 
кеше ғана басы
-
мыздан өткен күрделі өмірдің айнасы. Романды
  
оқу үстінде сол Аяған ғұмыр 
кешкен қоғамда өзің
 
де бірге жүргеніңді сезінгенде жаның түршігеді. Ойға 
қаласың, өзіңе
-
өзің сұрақ қоясың. Жазушы оқырманын толғандырғанда ға
-
на,
  
ой салғанда ғана өз мақсатына жетеді. Бұл тұрғыдан алғанда, Баққожа 

 
өз мақсатына да,
  
мұратына да жеткен жазушы. Өйткені Баққожа –
 
өз за
-
манының жазушысы. Қаламгердің
  
ең үлкен бақыты да сонда. Артында өл
-
мес мұрасы барда, қалың ел, өсер ұрпақ барда
  
Баққожаның есігі мәңгі жа
-
былмайды. Ол халқымен бірге жасай береді. Баққожадай асыл
  
ердің рухы 
қашанда көптің жүрегінде, көңілдің төрінде, өмірдің өрінде!
 
Сондықтан ешкім бел шешіп, бұл жүйеге қарсы тұра алмайтын. 
Тәуелсіздік
  
алғаннан кейін бұл кезең «тоталитарлық дәуір» деп атала
 
бастады.
  
Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы сол кезеңдегі ұлттық 
мұрамызды
  
тарихи шындық тұрғысынан қорғауға бар күш
-
жігерін аямаған 
екі адамның ауыр тағдыры арқылы дәуір шындығын танытады. Роман 
«Өмірзая» деп тегін
  
аталып тұрған жоқ.
 
Өмірзая
 

 
босқа өткен уақыт, ал сол уақыт ішінде құрбандық ғұмыр деген 
астарлы мағына жатыр. Шығарма сюжеті Кеңес өкіметінің
  
таптаурын жүйесі 
мен ондағы құлдық санаға қарсы тұрған бас кейіпкер –
 
тарих
  
ғылымының 
кандидаты 35 жастағы Аяған Қуатов пен оның ұстазы –
 
профессор
 
Алдияр 
Ақпанұлы айналасында өрбиді. Оқиға мың тоғыз жүз сексенінші жылдарды 
қамтиды. Алдияр Ақпанұлы Кеңес өкіметі кезінде тыйым салынған тақырып 
Кенесары хан туралы еңбек жазады. Оның шәкірті Аяған да осы жолды әрі 
жалғап, Кенесары ұлы Сыздық төретуралы көлемді зерттеу жұмысын 
жүргізеді.
 
Аяған –
 
ұстазы сияқты адал тарихшы ғана емес, адамды бағалай білетін 
мейірімді, адамгершілігі мол, ақылды жан, тағы қыры –
 
қызбалығы. 
Ғалым
  
әділетсіздікке шыдамайды, шындық жолынан тайқымай өмір сүргісі 
келеді.
  
Оның қайырымы мол адам екенін роман басталған беттен
-
ақ көруге 


болады.
  
Аяған –
 
профессор туралы ойлайтын да, жаны ашитын да, іздейтін 
де жалғыз
  
адам. Алдиярдың ұлы Сыздық ішімдікке салынып кеткендіктен, 
әкесіне мүлде
  
қарамайды.Профессордың ресми саясатқа қайшы Кенесары 
туралы зерттеу еңбегі халыққа жат деп жарияланып, жала жабылып, 
қудалауға ұшырап, психологиялық орасан зор қысым көрген атақты ғалым 
сал ауруына ұшырайды. Ал оның шәкіртіне жабылған жала романда былай 
суреттеледі: «Аяған Қуатов мемлекетке қарсы, өмір бойы орыс халқын 
ұнатпаған, оларды аяусыз қырған Сыздық
  
Кенесарин туралы мадақ мақала 
жазған. Ол орыс пен қазақ халқының арасына
  
от жағу үшін Сыздық сұлтан 
туралы мақаласын орысшаға аудартып, көбейтіп, жасырын таратқан. 
Пиғылы жат, ойы бөтен адам. «Кеңес үкіметінің Ауғанстанға әскер апаруы –
 
үлкен қателік. Бұл ерікті елді күшпен басып алу» деген. Ауғанстандағы 
соғысқа қарсы үнқағаз таратқан. Мағжан Жұмабаев сияқты халық жауының 
өлеңдерін студенттер арасында насихаттаған.Кеңес үкіметі
  
басшыларының 
беделіне нұқсан келтіретін анекдоттар құрастырған. Сібір аймағын 
бағындырған атақты батыр Ермакты студенттерге қанқұйлы қарақшы
 
деп дәлелдеуге тырысқан. Ұлтшыл, сенімсіз адам. Жоғарғы оқу орнында 
қызмет істеуіне болмайды» т.б. Осылайша, Аяған тып
-
тыныш істеп жүрген 
қызметінен қуылып кетті. Алдияр Ақпанұлынан іргесін аулақ салып, 
ректордың
  
ыңғайына көніп, сол кісінің дегенімен қимылдаса, ұрттап ішіп, 
шайқап төгіп
  
жүрмес пе еді. Бастаған ісінің арты жақсы аяқталмасын біле 
тұра, сүйекке бітті қыңырлығына басып,
 
ағысқа қарсы жүзді. Жоғарыдан 
келген тапсырманы
  
әдейі қисайта салды. Шындықты іздеп, ең ақыры сол 
адамның алдына баратынын білсе, емтихан тапсырған қызына жақсы баға 
қойып, жақсы атқа ие болар ма еді?!
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет