23. Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі ақын сынаған мінездердің бүгінгі қоғамдағы көрінісін талдап жазыңыз. 24. М. Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» романындағы ғалымның қазақ ғылымын қалыптастырудағы іс - әрекеттерін нақты дәлелдермен талдап жазыңыз. 25. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын Қ.Сәтбаевтың «ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің көркемдік энциклопедиясы» деп бағалау себебін өзіндік көзқарас тұрғысынан талдап жазыңыз. 26. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың ақындық әлемінің қуаттануына әсер еткен себептерін талдап жазыңыз. 27. Е. Әбікеннің «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесінде көтерілген баспана мәселесінің қазіргі күндегі өзектілігін дәлелдеп жазыңыз. 28. Б. Мұқайдың «Өмірзая» романына арқау болған тарихи кезең шындығына қатысты өз көзқарасыңызды білдіріп