екенін барлығымыз білеміз. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай
халықтың басынан кешкен тарихи шындығы. Өзара алауыздықпен жан
-
жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жібергенін
-
де білеміз. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде
жойылып кеткен елдер қаншама? Біз өзгенің қателігінен, өткеннің
тағылымынан
сабақ ала білуіміз керек. Ол сабақтың түйіні біреу ғана –
«Мәңгілік ел» біздің өзіміздің қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі
қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да,
бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай
сақтай білуіміз керек. «Қазақстан 2050» мәңгілік елге бастайтын ең
абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым!
Достарыңызбен бөлісу: |