«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 5-сынып 2019-2020 оқу жылы Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі


Бөлім «Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология»



бет11/15
Дата24.08.2020
өлшемі275,58 Kb.
#76714
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ОШ СОр Казахский язык Т1 5кл

Бөлім «Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология»





Оқу мақсаты

5.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу

5.3.1.1 берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру




Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Оқылым стратегияларын қолданады

  • Мәтін бойынша қарапайым жоспар құрады

Білу және түсіну

Қолдану


Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

Мәтіні мұқият оқып, мазмұнын 4 сөйлеммен жазыңыз. Нақты 2 ақпаратты анықтаңыз.
«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып, әр адам өз мінезін танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді», - деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әртүрлі әрекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стилін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз.

Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар шиеленістерді шешуде, ұжымда жағымды психологиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.

Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрыны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ, ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгересің. Бұл - адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан әлдекімді бір көргенде-ақ, «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ екен», «Күлкісі қандай жасанды», «Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан шығар», - деп те жатамыз. Әйтеуір адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады.
2. Мәтіннің кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдеріне тақырып ұсынып, қарапайым жоспар құрыңыз.
Жоспар:

Кіріспе бөлім_____________________________________

Негізгі бөлім_____________________________________

Қорытынды бөлім_________________________________







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет