Байланысты: @10SYNYPBJB ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚГБ 10 СЫНЫП ТБЖБ VK-10SYNYPBJB
Ә мәтіні Халықаралық валюта қоры неғұрлым әділ табысты бөлу тек тұрақты әлеуметтік саясат қана емес, сонымен қатар мықты экономикалық саясат болады деп есептейді. Ғылыми зерттеулер жоғары деңгейдегі теңсіздікті төмендетудің ұзақ мерзімді перспективада экономикалық өсімді жоғарырақ және тұрақтырақ ететінін көрсетеді. Әр елдің теңсіздікті шешу үшін жасай алатын бірнеше қадамдары бар. Біріншіден, үкіметтің автоматтандыру және аутсорсингтен қатты зардап шеккен географиялық аймақтарда біліктілігі төмен қызметкерлерді тікелей қолдауы. Атап айтқанда, үкімет медициналық қызмет, білім беру, дағдыларды оқытуға қоғамдық инвестицияларын ұлғайту керек. Әр ел жылдам өзгеретін технологиялар үшін қазіргі және болашақ ұрпақты дайындау үшін өмір бойы білім алу қажеттілігін түсінуі тиіс. Екіншіден, үкімет қолжетімді бала күтімі, ата-ананың бала күтімі бойынша демалысы, денсаулық сақтау қызметі, жұмыс орнының икемділігін жақсарту жолымен, әсіресе отбасы үшін әлеуметтік қорғау шараларын нығайту қажет. Олар сондай-ақ табысы аз адамдарды салық реформалары және заңды минималды жалақыны төлеу арқылы қолдай алады; еңбек нарығына көбірек әйелдерді тарту үшін салықтық жеңілдік те жасай алады.
Үшіншіден, үкімет әлеуметтік сенімді қалпына келтіру және реформалар жөніндегі қоғамдық қолдауды нығайту мақсатында экономикалық әділдікті қамтамасыз етуді өзіне міндеттеме ретінде алуы тиіс. Атап айтқанда, бәсекелестік жетіспейтін маңызды салаларда көп бәсекелестікті ынталандырып, салық төлеуден жалтаруды азайтып және табыстарын салық төмен жерлерге апаратын бизнес тәжірибесін болдырмауы керек. Бұлар экономикалық интеграцияны жақсартуға бағытталған саясаттардың кейбір мысалдары. Оларды тиімді іске асырумен қатар, қосымша шараларды анықтау үшін де әлі көп жұмыс жасалуы тиіс. Бұл саясаткерлер мен мемлекеттік қызметкерлерге ғана емес, сондай-ақ тұтастай алғанда экономика мамандарына салынатын тапсырма, міндет болуы шарт. Тек бірлесіп, күшті, неғұрлым инклюзивті жаһандық экономиканы құру үшін тез іс-қимыл жасау арқылы ғана табыс деңгейін көтере аламыз.